Бүгінде кәсіби қауымдастық жоғары білім беруді дамытудың негізгі бағыттарын: жасанды интеллект, цифрландыру, заманауи білім беру технологиялары, зерттеулер мен деректерді талдау, университеттерді дамыту және сұранысқа ие мамандарды даярлаудың жаңа тәсілдерін талқылауда. Осындай ауқымды кәсіби іс-шараға қатысу білім беру қауымдастығымен пікір алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға және жоғары білім беру саласындағы заманауи үрдістермен […]
Monthly Archives: Қыркүйек 2026
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романын талдауға арналған әдеби-танымдық кездесу өтті. Кездесуге «Bolashaq» Академиясының студенттері белсене қатысып, шығарма желісі, кейіпкерлер тағдыры мен романда көтерілген маңызды тақырыптар төңірегінде өз ойларын ортаға салды. Әдеби кездесу студенттерге шығарманы тереңірек танып, пікір алмасуға және өзіндік көзқарастарын білдіруге мүмкіндік берді.
«Bolashaq» Академиясының студенттері «Жастар – Заң мен тәртіптің тірегі» атты жастар форумына қатысты. Форум барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, сондай-ақ жас ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымын дамыту мәселелері қозғалды. Форум аясында «Bolashaq» Академиясының белсенді студенті Кадрин Тілеген Берекеұлының анасы және […]
«Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасын таныстыру аясында «Bolashaq» Академиясының өкілдері «Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейі» КММ-нің 6-7-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушыларға жобаның мақсаты таныстырылып, кітапты тиімді оқу, оқылған ақпаратты есте сақтау тәсілдері туралы пайдалы кеңестер берілді. Сонымен қатар, оқушылармен еркін форматта кері байланыс жүргізіліп, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға […]
«Bolashaq» Академиясында «Салауатты қарым-қатынас қандай болуы керек?» тақырыбында студенттермен кездесу өтті. Кездесуге «Қарағанды қаласының Отбасын қолдау орталығы» КММ мамандары қатысып, салауатты қарым-қатынас, өзара сыйластық пен сенім, жеке шекараны сақтау және отбасылық құндылықтар жөнінде пайдалы ақпараттармен бөлісті. Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан кеңес алды.
2026 жылғы 17 қыркүйек күні «Bolashaq» Академиясының кәсіптік бағдарлау және мансаптық даму бөлімі Қарағанды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында департамент қызметінің негізгі бағыттары, бос лауазымдарға конкурстық іріктеу тәртібі, мемлекеттік қызметке қабылдану мүмкіндіктері және түлектерді жұмыспен қамту мәселелері түсіндірілді. Іс-шараға Құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының түлектері […]
«Bolashaq» Академиясының құқықтық және қаржылық кафедрасының меңгерушісі А.Т.Кабжановтың бірқатар авторлармен бірлесіп жазған «Жаңа Конституция: әділетті мемлекеттің жаңа құндылықтық бағдары» атты мақаласы «Аrqa аqshаmy» газетінің 2026 жылғы 17 қыркүйектегі санында жарық көрді. Мақалада жаңа Конституцияның қоғам мен мемлекет дамуындағы маңызы, құқықтық және әлеуметтік құндылықтардың өзектілігі кеңінен қарастырылады. Әріптесімізді ғылыми-публицистикалық бағыттағы еңбегінің […]
Жаксыкельдиева Аяжан Білім беру бағдарламасы: Қаржы, 2 курс «Bolashaq» Студенттік Республикасы президенттігіне №1 үміткер туралы: Белсенді, жауапкершілігі жоғары және жаңа бастамаларға ашық студент. Академиядағы түрлі іс-шараларға белсене қатысып, студенттік өмірдің дамуына өз үлесін қосып келеді. МЕНІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫМ: ✓ Студенттердің үнін естірту – студенттердің ұсыныстары, идеялары мен мәселелерін жүйелі түрде […]
2026 жылғы 10 қыркүйекте тәрбие жұмысы аясында «Bolashaq» академиясының «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының студенттері «Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасының аға эдвайзері М. Қ. Әбдрешева жетекшілігімен Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына барды. Іс-шара Қарағанды қаласының жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған кітапхана ұйымдастырған […]
Мектебімізде «Адал ұрпақ» Біртұтас тәрбие бағдарламасы, «Өнегелі өмір» жобасы аясында және Тілдер онкүндігінің жоспарына сәйкес филология ғылымдарының докторы, профессор Хамзин Мәуен Хамзаұлымен тағылымды «СөзLIVE-кездесу» өтті.Кездесудің негізгі тақырыбы – «Бір тіл – бір әлем, көп тіл – көп мүмкіндік».Тағылымды кездесуге мектеп оқушылары мен ұстаздар қатысып, тілдің адам өміріндегі маңызы, ана тілін […]
15 қыркүйек күні «Bolashaq» Академиясында «Заң мен тәртіп» ақпараттық-профилактикалық жобасы аясында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша 1 және 2 курс студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, өзгенің мүлкіне қол сұқпау, жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, студенттерге құқықтары мен […]
Елімізде қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні аталып өтеді. Отбасы – адамға ең алғаш мейірім мен тәрбиені, сүйіспеншілік пен қамқорлықты үйрететін қасиетті орта. Берік отбасы – ел болашағының кепілі, ұлт тәрбиесінің негізі. Осындай мерекеде әр шаңыраққа амандық, бірлік, береке мен бақыт тілейміз! Отбасыларыңызда сыйластық пен жылулық әрдайым салтанат құрсын!
«Заманауи әлемдегі ғылым мен білім» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы 2026 жылғы 26–27 қарашада «Заманауи әлемдегі ғылым мен білім» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді. Конференция ғылым мен білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға, ғылыми тәжірибе алмасуға және зерттеушілер арасындағы кәсіби байланысты нығайтуға бағытталған. Конференцияға қатысу шарттары, материалдарды рәсімдеу талаптары, жұмыс бағыттары және өзге де […]
Академиямызда жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани-мәдени құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында Жастар ресурстық орталығының өкілдері студенттермен кездесіп, кітап оқудың маңызы, оның тұлғалық дамуға әсері және жастар арасында оқу мәдениетін қалыптастыру туралы ақпарат берді. Кітап оқу – білімді арттырып қана қоймай, […]
Бүгін «Bolashaq» Академиясында студенттермен терроризмнің алдын алу және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпараттық кездесу өтті. Кездесуге Қарағанды қаласы әкімдігі жанындағы Терроризмге қарсы комиссияның үйлестіру мәселелері жөніндегі бас инспекторы Сергей Юрьевич арнайы қатысып, білім алушыларға аталған бағыт бойынша маңызды ақпарат берді. Кездесу барысында терроризмнің алдын алу шаралары, қауіпсіздік ережелерін сақтау, […]