«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романын талдауға арналған әдеби-танымдық кездесу өтті.


Кездесуге «Bolashaq» Академиясының студенттері белсене қатысып, шығарма желісі, кейіпкерлер тағдыры мен романда көтерілген маңызды тақырыптар төңірегінде өз ойларын ортаға салды.


Әдеби кездесу студенттерге шығарманы тереңірек танып, пікір алмасуға және өзіндік көзқарастарын білдіруге мүмкіндік берді.
