2026 жылғы 13 қарашада «Bolashaq» Академиясында 6В01201 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша Академиялық комитеттің отырысы өтті.Отырыс жұмысына Академиялық комитет мүшелері, Қарағанды қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдардың өкілдері, сараптамалық комиссия мүшелері, Академияның оқу-әдістемелік басқармасының қызметкерлері және білім беру бағдарламасының білім алушылары қатысты.Кадрлық өзгерістерге байланысты Академиялық комитеттің құрамы жаңартылды. Педагогика кафедрасының бұрынғы меңгерушісі А.С. Абдрахманованың орнына PhD докторы, доцент, педагогика кафедрасының меңгерушісі Р.Н. Жапанова енгізілді. Сонымен қатар «Айгөлек» балабақшасының директоры А.А. Бегайдарованың орнына Қарағанды қаласындағы «Бәйтерек» бөбекжай-бақшасының әдіскері Д.А. Насипова комитет құрамына енгізілді.


Осылайша, отырысқа Академиялық комитет мүшелері Р.Н. Жапанова, Р.Ж. Шалтаева, Г.Н. Манашова, Р.М. Жанысбаева, Д.А. Насипова және Р.Ж. Бапахова қатысты.Отырыс жұмысына сараптамалық комиссия мүшелері И.Ф. Обердерфер, Ю.А. Габайдуллина, В.С. Голубцова, сондай-ақ Қарағанды қаласындағы «Алтын сақа» бөбекжай-бақшасының әдіскері Ж.Р. Сексеналина қатысты.«Bolashaq» Академиясының оқу-әдістемелік басқармасы атынан ОӘБ басшысы Г.Т. Таликова және ОӘБ маманы, оқу-әдістемелік кеңестің хатшысы Ж.М. Конысбаева қатысты.Отырысқа шақырылған қонақтар ретінде ДОВ-24-1к тобының студенттері М. Цурикова, Н. Лоскутова және Д. Качмашева қатысты. Білім алушылардың отырысқа қатысуы білім беру бағдарламасының мазмұны, оқу үдерісін ұйымдастыру және болашақ мектепке дейінгі білім беру педагогтерін кәсіби даярлау мәселелері бойынша олардың пікірлерін ескеруге мүмкіндік берді.


Күн тәртібіне сәйкес қатысушылар білім беру бағдарламасын дамытудың өзекті бағыттарын, педагог кадрларды даярлауға қойылатын жұмыс берушілердің талаптарын, кәсіптік практиканың мазмұны мен ұйымдастырылуын, сондай-ақ заманауи педагогикалық, цифрлық және инклюзивті технологияларды енгізу мәселелерін талқылады. Академия мен мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға және білім беру бағдарламасын жетілдіру барысында жұмыс берушілердің, сарапшылардың және білім алушылардың ұсыныстарын ескеруге ерекше назар аударылды.


Конструктивті пікір алмасу барысында мектепке дейінгі ұйымдардың өкілдері мен сараптамалық комиссия мүшелері студенттердің тәжірибеге бағдарланған даярлығын күшейту, болашақ тәрбиешілердің кәсіби құзыреттерін қалыптастыру және білім беру бағдарламасы мазмұнының мектепке дейінгі білім берудің заманауи талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарын білдірді.Талқылау қорытындысы бойынша «Ата-аналармен жұмыс» және «Мектепке дейінгі инклюзивті білім беру» пәндерінің мазмұны мен тақырыптық жоспарларын өзектендіру туралы шешім қабылданды: өзектілігін жоғалтқан тақырыптарды алып тастап, мектепке дейінгі ұйымдардың заманауи сұраныстарына сәйкес жаңа тақырыптарды енгізу көзделді. Сонымен қатар практикалық сабақтар, кәсіби кейстер, тренингтер және мектепке дейінгі ұйымдардың нақты қызметтік жағдайларын модельдейтін тапсырмалар санын арттыру арқылы білім беру бағдарламасының практикалық бағыттылығын күшейту туралы ұсыныс қолдау тапты.
Қалыптастырылған ұсыныстар мен өзгерістер жобаларын 6В01201 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының сарапшыларымен онлайн форматта талқылауға шығару туралы шешім қабылданды. Талқылау барысында түскен ескертулер мен ұсынымдар жинақталып, білім беру бағдарламасын одан әрі жаңарту кезінде ескерілетін болады.Отырыс ашық әрі кәсіби диалог жағдайында өтіп, болашақ педагогтерді сапалы даярлауда «Bolashaq» Академиясы мен мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсетті.