Ректор

Рысмагамбетова Гульнара Мусиевна

“Bolashaq” Академиясы”  Жекеменшік мекемесінің ректоры

Білімі: жоғары, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Ғылыми дәрежесі: заң ғылымдарының кандидаты

1996 ж. Е.А. Бөкетов атындағы  Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

1998 жылдан 2001 жылға дейін Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-де Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы қызметін атқарды, облыс әкімі жанындағы Жастар ісі  жөніндегі кеңеске, Қазақстан халқы Кіші Ассамблеясының құрамына енгізілді. Жалпы ЖОО мен өңірдің тәрбие жұмысының саясатын айқындайтын бірқатар маңызды құжаттарды әзірлеуге белсенді қатысты.

2003 жылы күндізгі аспирантураны бітіргеннен кейін Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-де “Қылмыстық құқық және криминология” кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істеді.

2005 жылдан бастап Рысмағамбетова Г.М. “Bolashaq” Академиясында жұмыс істейді. Бастапқы кезде тәрбие  жөніндегі проректор, заң факультетінің деканы, 2009 жылдан бастап – бірінші проректор, 2022 жылдан бастап – ректор қызметін атқаруда.

2007 жылы “Қазақстан Республикасының қылмыстық-құқықтық саясатын жүзеге асырудағы амнистия мен рақымшылықтың рөлі”  тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады.

Ғылыми мүдделер саласы – қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың қылмыстық-құқықтық мәселелері.