16.03.2023 ж. Қарағанды облысының жоғары оқу орындарының 8 командасынан құралған студенттік спартакиада жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді. Біздің “Bolashaq” Академиясы мен “Bolashaq” жоғары колледжінің біріккен командасы 5-орынға ие болды! “Bolashaq” Академиясының ректоры спортшыларымызға тағы да көп жеңістер тіледі!!! Студенттер ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Спорт
23 ақпан күні студент жастар арасында өткен XVII облыстық Спартакиада ойындарында жеңіл атлетикадан «Bolashaq» академиясы мен «Bolashaq» Жоғарғы Колледжі бірге сынға түсіп 🥉3 орынға ие болды. Айта кетейік, 25 ақпан күні Қазақ күресінен🤼♂️ «Bolashaq» академиясы мен «Bolashaq» Жоғарғы Колледжі студенттері жүлделі орындарға ие болды: 🥇1-орын.Беисек Мейрамхан – 66 кг, ДМ-20-1 […]
23 ақпан күні өткен Спартакиада ойындарында Академия студенттері дойбы ойынынан 3 орынға ие болды.🥳🥳 Ойынның мақсаты – интеллектуалды ойындарды насихаттау. Зерек те алғыр жастар арасынан дүл-дүлді анықтау.🧐 Ақыл-ойды дамытатын спорт түрлеріне қазақ халқы ежелден ерекше ден қойған. Осындай іс-шаралар қарапайым əуесқой ойыншылардың шыңдалуына жол ашады. Жүлделі 3 орынды қанжығамызға байлаған спортшыларымыз: […]
20 – 27 ақпан аралығында Қарағанды қаласы студент жастары арасында XVII облыстық Спартакиада ойындары өтті. «Bolashaq» академиясы және «Bolashaq» Жоғарғы Колледжі бірге бақ сынасты. 20 ақпанда Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде Спартакиаданың ашылу салтанаты өтті. Спартакиада спорттың 13 түрінен: баскетбол, үстел теннисі, шахмат, футбол, дойбы, кір спорты, волейбол, арқан тарту, президенттік […]
20-27 ақпан аралығында Қарағанды қаласының студент жастары арасында XVII облыстық спартакиадалар өтті. “Bolashaq” Академиясы мен “Bolashaq” Жоғары колледжі бірге жарысты. 20 ақпанда Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде.спартакиаданың ашылу салтанаты өтті. Спартакиада спорттың 13 түрі бойынша өтті: баскетбол, үстел теннисі, шахмат, футбол, дойбы, гір спорты, волейбол, арқан тарту, президенттік қоссайыс, жеңіл […]
17 ақпанда «Bolashaq» академиясы студенттері арасында дәстүрлі түрдегі «Үстел теннисі» турнирі өтті. Турнирді «Bolashaq» академиясының ӘТЖ жөніндегі проректоры Исмаилова.Р.Н ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.Турнирге төрешілік етуші ЖББ кафедрасының аға оқытушылары: Мукушев Д.Д, Макажанова Г.Б. Турнирге қатысушылардың қарсыластары жеребе арқылы анықталды. Жарысқа «Bolashaq» академиясының барлық студенттері қатысты. Сайыс өте тартысты әрі қызықты […]
Қазақстандық патриотизмді, белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеу мақсатында атаулы күндерге орай: Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 34 жыл толуына, сондай–ақ Тәжікстан Республикасынан әскерлердің шығарылғанына 21 жыл толуына орай Жастар ісі комитеті жөніндегі комитет өкілдері “Bolashaq” академиясының студенттер үйінде студенттердің қатысуымен және ауған, тәжік-ауған соғысының шақырылған ардагерлерімен спорттың төрт түрінен, атап айтқанда үстел […]
2022 жылдың 10-18 желтоқсаны аралығында Бангкокта (Тайланд) 81 салмақ дәрежесінде ерлер арасында кикбоксингтен Азия чемпионаты өтті. Оған Ю-19-1 тобының студенті Степанов Руслан қатысып, I орын алып, кикбоксингтен Азия чемпионы атанды. Сауд Арабиясында өтетін Дүниежүзілік ойындарға 3 түрлі салмақ дәрежесінде (60,71,81 кг) іріктеу өтті, ерлер арасында Дүниежүзілік ойындарға лицензия жеңіп алған […]
2022 жылы 3 желтоқсанда Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне арналған дене шынықтыру және спорт саласының мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындары мен колледждердің студент жастары арасында «СТУДЕНТ БАРЫСЫ» қазақ күресі бойынша қалалық студенттер лигасы өтті. Бұл жарысқа жалпы білім беретін пәндер кафедрасының аға оқытушысы Г.Б […]
24 қарашада “Bolashaq”академиясында гір спорты бойынша жарыстар өтті. Жарыс үш салмақ дәрежесінде өткізілді: 68 келіге дейін,78 келіге дейін, 88 келіге дейін. 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1 орын – Жолдасов Мәди ФМ-22-2. 78 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 1 орын – Марат Нұрболат Ю-21-2. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері құрмет грамоталарымен марапатталды. […]
9 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне 30-жыл толуына орай «Bolashaq» академиясының «Студенттер үйінде» жыл сайынғы дәстүрлі түрдегі «Жаңа Қазақстан студенттер көзімен» тақырыбында Спартакиада өтті. Спорттың 4 түрінен, атап айтсақ, дойбы, дартс, қол күрес, кір тасын көтеруден 50-ден астам жатақхана студенттері ақтық сынға түсті. Жастар ісі жөніндегі комитетінің […]
https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2022/11/%D0%A0%D0%B0%D1%81%D0%BF%D0%B8%D1%81%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D0%B5-%D1%81%D0%BF%D0%BE%D1%80%D1%82%D0%B8%D0%B2%D0%BD%D1%8B%D1%85-%D1%81%D0%B5%D0%BA%D1%86%D0%B8%D0%B8-%D0%90%D0%BA%D0%B0%D0%B4%D0%B5%D0%BC%D0%B8%D1%8F-2022-2023-%D0%B3.%D0%B3..docx
Түркияда (Конья) Қазақстан құрамасының қатысуымен V Ислам ынтымақтастық ойындары аяқталды. 54 Ислам мемлекетінің спортшыларымен бәсекелестікте қазақстандық атлеттер делегациясы 89 марапатқа ие болды: 27 алтын, 23 күміс және 39 қола. Бұл жарыста Қазақстан намысын 16 спорт түрінен 125 спортшы қорғады. Екі апталық ұрыстың қорытындысы бойынша қазақстандықтар подиумның жоғарғы сатысына 27 рет […]
11 мамыр күні “Батыр” спорт кешенінде “Bolashaq”академиясының студенттері мен оқытушылары арасында шағын футболдан турнир өтті. Аталған турнир Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына орайластырылды. Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922 ж., Орал облысы Бөкей Ордасы ауданы — 1943 ж. қазанның 16-ы — қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (1944). […]
11 мамыр күні “Батыр” спорт кешенінде “Bolashaq”академиясының студенттері мен оқытушылары арасында шағын футболдан турнир өтті. Аталған турнир Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына орайластырылды. Мәншүк (Мәнсия) Жиенғалиқызы Мәметова – Калинин майданы 3-екпінді армиясының 100-ші жеке атқыштар бригадасының пулеметшісі, аға сержант, Кеңес Одағының Батыры атағы берілген алғашқы қазақ әйелі. Турнирге 6 команда қатысты: […]