Аймақтық жыр додасы өтті

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің  филология факультеті өткізген қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «МҰҚАҒАЛИ ОҚУЛАРЫ» атты Аймақтық байқауына  ««Bolashaq» Академиясынан да студенттер қатысып, өз бақтарын сынады. Байқаудың маңызы – ақын шығармалары арқылы өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілі мен әдебиетіне қызығушылытын арттыру, тілдік жане коммуникативтік дағдыларын дамыту, ұлттық құндылықтарға құрмет қалыптастыру.

Байқауда аймақтың барлық жоғары оқу орындары мен колледждердің өзге ұлт аудиториясынан 47 студент бақ сынасты.  Осы сайыста Академиямыздың   ИН-25-1к тобының студенті Касенова Арайлым В2 деңгейі деңгейі бойынша ақынның 6 өлеңін жатқа айтып, «Мұқағали Мақатаев шығармалары жастарға не үйретеді?» тақырыбында эссе жазса,  ИН-26-1к тобының студенті  Игнатенко Мария  және ПиП-26-1к тобының студенті Миронова Валерия А2 деңгейі  бойынша «Жыр болып қалған жүрек»   тақырыбында презентация қорғап, әрқайсысы 3 өлеңін жатқа айтты.

Жыр додасына қатысқан 47 студенттің ішінен ИН-26-1к тобының студенті Игнатенко Мария (А2 деңгей)  ІІ орынды,  ИН-25-1к тобының студенті Касенова Арайлым (В2 деңгей) ІІІ орынды иеленді. Жетекшілері қазақ тілі пәні оқытушысы Б.А.Абылбаева.Жеңімпаздарымызды  жүлделі орындарымен  шын жүректен құттықтаймыз!!! Мұқағали жырлары – жүректен жүрекке жеткен мәңгілік мұра!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.