2026 жылғы 27 қарашада Фармацевтикалық пәндер кафедрасының ФМ 25-2 тобында аға оқытушы Темиреева К.С. ұйымдастыруымен «Болашақ фармацевттің кәсіби әдебі мен мінез-құлық мәдениеті» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді.
Аталған іс-шараға медицина ғылымдарының профессоры Абеуова Ольга Аменовна қатысты.

Ашық кураторлық сағаттың негізгі мақсаты – болашақ фармацевттердің кәсіби этикасын қалыптастыру, адамгершілік құндылықтарын дәріптеу, қарым-қатынас мәдениетін жетілдіру және таңдаған мамандығына деген жауапкершілігін арттыру.
Іс-шара барысында фармацевт мамандығының қоғамдағы рөлі, кәсіби әдеп қағидалары, пациенттермен дұрыс қарым-қатынас орнату, адалдық, жауапкершілік және кәсіби қызметтегі адамгершілік құндылықтар кеңінен талқыланды.

Кураторлық сағат барысында ФМ 25-2 тобының студенті Дурмаханова Сымбат тақырыпқа қатысты өз пікірін білдіріп, болашақ фармацевт үшін кәсіби біліммен қатар, адамгершілік қасиеттердің, жауапкершілік пен қарым-қатынас мәдениетінің маңыздылығын атап өтті.
Студенттер өзара пікір алмасып, кәсіби қызмет барысында кездесетін түрлі жағдайларды талқылады. Әсіресе, фармацевттің пациенттерге деген құрметі, сыпайылығы, адалдығы мен кәсіби жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.
Ашық кураторлық сағат мазмұнды әрі тағылымды өтіп, студенттердің кәсіби дүниетанымын кеңейтуге, этикалық мәдениетін дамытуға және болашақ мамандығына деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.