2026 жылдың 30 қазанында Фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға кураторы Темиреева Н.Б. ұйымдастыруымен ФМ 24-2 және ФМ 25-2С топтарының студенттері арасында «Денсаулық – баға жетпес байлық» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру, зиянды әдеттердің алдын алу және адалдық […]
Monthly Archives: Қазан 2026
2026 жылғы 30 қазанда Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің Заң және тарих факультеттерінің бірлесіп ұйымдастыруымен заңгер Балапан Зипатоллаұлы Әбеновтің жарқын бейнесін еске алуға арналған «Заң үстемдігі және азаматтық жауапкершілік» атты республикалық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, […]
«Bolashaq» Академиясында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында келген Новосибирск мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері ашық сабаққа қатысты.Іс-шара педагогикалық тәжірибе алмасуға, шет тілдерін оқытудың заманауи тәсілдерімен танысуға және білім беру ұйымдары арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді. Ашық сабақ барысында студенттер оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерімен, қолданылатын оқыту әдістерімен және білім алушылармен жұмыс жүргізудің […]
«Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдегі өзекті міндеттері» атты Жолдауды елді экономикалық, технологиялық және құқықтық тұрғыдан жаңғырту бағдарламасы деп сипаттауға болады. Оның түпкі мақсаты – мемлекеттің егемендігін нығайту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және болашақ ұрпақ үшін жаңа мүмкіндіктер жасау. Президент пен жиынға қатысушылардың көпшілігі таққан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының түсі мен нысанындағы төсбелгі […]
2026 жылғы 27 қазанда «Bolashaq» академиясының СПИО орталығының жетекшісі Абдрахманова Алуа Сабитовна бірінші курс студенттеріне арналған «Табысты бейімделу» тренингін өткізді. Іс-шараға Ф-26-1, Ю-26-1 және Ин-26-1 топтарының бірінші курс студенттері қатысты. Тренингтің мақсаты – бірінші курс студенттерінің жоғары оқу орнындағы білім беру жағдайларына табысты бейімделуіне ықпал ету, студенттің жаңа әлеуметтік рөліне […]
«Новосибирск мемлекеттік педагогикалық университеті» ЖБ ФМББМ студенттері сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Bolashaq» Академиясындағы оқуын аяқтады. 2026 жылғы 9–30 қазан аралығында студенттер «Bolashaq» академиясының білім беру үдерісімен танысып, Қарағанды қаласы әкімдігінің «Қарағанды қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «№1 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өндірістік практикадан өтті. Сонымен қатар оқу және […]
2026 жылғы 28 қазанда «Bolashaq» академиясы сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында академияға келген Новосібір мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттеріне арнап Долинка кентіндегі Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейіне мәдени-танымдық экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия барысында студенттер Қарлаг тарихымен, архивтік құжаттармен, фотосуреттермен, тұтқындардың жеке заттарымен және жаппай саяси қуғын-сүргін кезеңіндегі қайғылы оқиғаларды баяндайтын музей […]
2026 жылғы 27 қазанда «Bolashaq» академиясында Ғылыми-техникалық кеңестің (ҒТК) кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында 2026–2027 оқу жылына арналған магистранттардың диссертациялық жұмыстарының тақырыптары мен ғылыми жетекшілерін бекіту, Академия студенттерінің республикалық және халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурстарына, олимпиадалар мен жобаларға қатысу перспективалары талқыланды. Сонымен қатар магистрлік диссертацияларды (жобаларды) дайындау және рәсімдеу жөніндегі әдістемелік […]
«Bolashaq» Академиясында студенттердің денсаулық сақтау мәдениетін қалыптастыру және жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Кездесуге ЖИТС орталығының өкілі Ирина Александровна қатысып, Академия студенттеріне адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ), АИТВ инфекциясының алдын алу жолдары, сондай-ақ қыс мезгілінде жиі кездесетін вирустық инфекциялар және олардан қорғану шаралары туралы ақпарат берді. Іс-шара […]
2026 жылғы 24 қазан күні Республика күніне орай Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің базасында Қарағанды облысының жоғары оқу орындары студенттерінің басын қосқан облыстық дебат турнирі өтті. Қарағанды облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бастамасымен ұйымдастырылған аталмыш зияткерлік дода жастардың қоғамдық белсенділігін арттыруға, сыни ойлау мәдениетін қалыптастыруға, шешендік өнерін шыңдауға және өзекті мәселелер […]
2026-2027 оқу жылының күзгі семестрінде «Bolashaq» Академиясының студенттері сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Profi University-дің Науаи филиалында (Өзбекстан, Науаи қаласы) білім алуда. Бағдарламаға қатысушы студенттер: 1) Темірланқызы Аяулым – 6В01301 – «6B01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі » білім беру бағдарламасының 2-курс студенті; 2) Сергеева Асем Ерболовна – 6В01101 […]
Академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Bolashaq» Академиясының студенттері тәжірибе алмасу, басқа елдің білім беру жүйесімен танысу және кәсіби құзыреттіліктерін арттыру мақсатында Ресей Федерациясының Новосибирск мемлекеттік педагогикалық университетіне (НМПУ) аттанды. Студенттер алғашқы күндерден бастап қабылдаушы университеттің білім беру және мәдени өміріне белсенді араласа бастады. Новосибирск мемлекеттік педагогикалық университетінің өкілдері олар […]
«Bolashaq» Академиясында 25 қазан – Республика күніне орай мерекелік салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Маңызды мемлекеттік мерекеге арналған жиын ел тәуелсіздігінің құндылықтарын дәріптеуге, ұлттық бірегейлікті нығайтуға және отандық білім мен ғылымның дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегін бағалауға арналды. Салтанатты іс-шара барысында Академияның қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, қоғамдық бастамалардың жүзеге асуына және […]
«Bolashaq» Академиясының ректоры К.Б. Аданов Қарағанды медицина университетіне П.М. Поспелов есімін беруге арналған салтанатты іс-шараға қатысты. Аталған оқиға – тарихи жадыны сақтауға, көрнекті тұлғалардың мұрасын дәріптеуге және олардың отандық білім беру, ғылым мен медицина салаларының дамуына қосқан үлесін ұлықтауға бағытталған маңызды қадам. Еліміздің тарихында өзіндік із қалдырған, кәсіби қызметімен және […]
«Тұлпар мініп, ту алған» әскерилер арасындағы облыстық байқауының жеңімпазына «Bolashaq» Академиясы атынан 2027–2028 оқу жылына арналған білім гранты табысталды. Білім грантын салтанатты жағдайда Академия ректоры жеке өзі табыстап, жеңімпазды лайықты жетістігімен құттықтады. Сонымен қатар алдағы оқу жолында сәттілік, жаңа мүмкіндіктер мен толағай табыстар тілеп, білімнің адам өміріндегі маңыздылығын және сапалы […]