«Денсаулық – баға жетпес байлық» адалдық сағаты

2026 жылдың 30 қазанында Фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға кураторы Темиреева Н.Б. ұйымдастыруымен ФМ 24-2 және ФМ 25-2С топтарының студенттері арасында «Денсаулық – баға жетпес байлық» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру, зиянды әдеттердің алдын алу және адалдық құндылықтарын дәріптеу.

Адалдық сағаты барысында денсаулықтың адам өміріндегі маңызы, дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасын сақтау, дене белсенділігі, психологиялық саулық және түрлі аурулардың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды.

Іс-шара студенттердің денсаулық сақтау мәдениетін қалыптастыруға және адамгершілік құндылықтарын арттыруға бағытталды.

Сонымен қатар болашақ фармацевтика мамандары үшін денсаулық сақтау мәдениетінің, кәсіби жауапкершілік пен адалдық қағидаттарының маңыздылығына ерекше назар аударылды. Студенттер өз ойларымен бөлісіп, салауатты өмір салтын ұстанудың тиімді жолдары туралы пікір алмасты.

Іс-шара қорытындысында «Денсаулық – адам өміріндегі ең қымбат қазына, ал оны сақтау – әр адамның өзіне деген жауапкершілігі» екені атап өтілді. Аталған адалдық сағаты студенттердің денсаулыққа саналы көзқарасын қалыптастыруға, адамгершілік құндылықтарын нығайтуға және болашақ маман ретінде жауапкершілік сезімін арттыруға бағытталды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.