11.12.2023 ж. «Bolashaq» Академиясы Фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Темиреева К.С. және 5 курс студенті Асанова Г.К. Қарағанды Медициналық Интерколледжі фармацевтикалық факультеттерінің студенттеріне кәсіби бағдар беру жұмысын өткізді. Жалпы 1,2,3 курс бойынша студенттер саны-110, оның ішінде 3- курс бітіретін студенттердің саны-50. Кәсіби бағдар беру жұмысы 3-курс студенттері арасында өткізілді.Осы шараға ФМ-16-2 тобында оқыған «Bolashaq» Академиясының түлегі Ағабекова Диана Бақытжановна қатысты. Қазіргі таңда Интерколледжде «Фармакология» пәнінен сабақ береді. Кәсіби бағдар беру кезінде бітіретін топтың студенттері бірқатар сұрақтар қойды; Білім беру бағдарламасы бойынша мамандыққа қысқартылған оқыту формасына қабылдау ережесі туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, студенттер оқу ақысы, қабылдау ережесі, оқытудың ұзақтығы бойынша сұрақтар қойды. Студенттердің қойылған сұрақтарына толық жауап берілді. Шараны өткізу барысында «Bolashaq» Академиясының дайындаған ақпараттық материалдары таратылды.
You may also like
2021 жылдың 3 наурызында ZOOM платформасында онлайн режимінде “Bolashaq” академиясының антитеррористік жоспары аясында білім беру ұйымдарында террористік және экстремалды қатерлердің алдын алу […]
Құрметті студенттер мен оқытушылар! “Bolashaq” академиясының кітапханасы сіздерге “Рухани жаңғыру” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы “Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа […]
“Bolashaq” Академиясының Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы күндізгі топтардың студенттерімен өзінің білім беру бағдарламасы бойынша кураторлық сағаттарды, викториналарды, дөңгелек үстелдерді және […]
Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған “ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ КЕПІЛІ” атты ғылыми – практикалық форумға қатысуға […]