Үздік ғылыми қызметкер (ТМД ғалымдары) – 2023

“Bolashaq” Академиясының педагогика кафедрасының аға оқытушысы Қалимаш Амангелдіқызы Сарбасова 21 ғылыми бағыт бойынша 16 шет мемлекет қатысқан “Үздік ғылыми қызметкер – 2023” халықаралық конференциясының ІІ дәрежелі медалімен және дипломымен марапатталды.

“Бөбек” Жалпыұлттық қозғалысын халықаралық білім және ғылым қызметкерлерін қолдау үшін Қауымдастық нысанында заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы “Үздік ғылыми қызметкер – 2023” халықаралық кітап жинағының ІІ – шығарылымына арналған конференция өткізді. Жинаққа ТМД елдері бойынша 10 мыңға жуық қатысушының ішінен конкурстық негізде іріктелген білім және ғылымның үздік қызметкерлері кірді.

Байқау қорытындысы бойынша, 2023 жылғы 8 желтоқсанда Астана қаласында “Жастар және ғылым: тәуелсіздіктің жаңа трендтері” атты халықаралық конференция өтіп, “ТМД-ның үздік ғылыми қызметкері” атты ІІ Халықаралық кітап топтамасының тұсаукесері ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, жобаның қорытындысы бойынша №759-06/2019К “Бөбек “Жалпыұлттық қозғалысы” (Астана қ., Қазақстан), Ресейдің ғылыми дәйексөз индексімен (РИНЦ) (Мәскеу қ., Ресей) жасалған шарт шеңберінде мерзімді емес басылымдарды орналастыруға ғылыми электрондық кітапхана сайтында метадеректерді орналастыру жоспарлануда eLIBRARY.RU (https://elibrary.ru)

Сарбасова Қалимаш Амангелдіқызын марапатымен құттықтаймыз және одан әрі ғылыми жетістіктер тілейміз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.