ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында өткен дөңгелек үстел жұмысына қатысу

Үстіміздегі жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚР Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында: “Ғылым мен білім арқылы Құқық қорғау қызметін дамытудың тұжырымдамалық негіздері” тақырыбында ғылыми диалог нысанында дөңгелек үстел өтті.

Ұйымдастырушылар:

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы.

Өткізу форматы:

Microsoft Teams негізінде біріктірілген офлайн және онлайн.

Іс-шара мақсаты:


Іс-шара шеңберінде құқық қорғау қызметі үшін кадрларды ғылыми зерттеулер мен кәсіптік даярлау саласындағы ағымдағы реформаларға, үрдістер мен трендтерге шолу және талдау жасауды, сондай-ақ озық тәжірибе мен тиімді практикалар алмасуды жүзеге асыру.

Қатысушылар:

Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары

Жоғары арнаулы оқу орындары

Жоғары оқу орындары

Негізгі күтілетін нәтижелер:

қазіргі ғылыми зерттеулерде, соның ішінде магистрлік және докторлық диссертацияларда;
құқық қорғау қызметі үшін кадрларды кәсіби даярлауда құқық қорғау қызметін кәсібилендіруді күшейту жөніндегі әдістер мен тәсілдер.
Жоғары оқу орындарының және құқық қорғау органдарының құқық қорғау қызметі практикасындағы кәсібилендіру мәселелерінің өзара іс-қимыл бойынша әлеуетін нығайту тәсілдері.

Іс жүзінде ұсыныстарды іске асыру тәсілдерін үйлестіру, барлығына пайдалы болуы мүмкін өзекті мәселелер бойынша серіктестікті дамыту.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған