Орны бөлек жан еді

85 жасында Қарағанды өңірінде танымал заңгер-оқытушы, отставкадағы полковник Кәкімжанов Тұрсынбай Сегізбайұлы өмірден озды.

Өзіне тән ізгіліктің соны үлгісін салған жан еді ! Дәм-тұзы таусылып, мәңгілік сапарға аттанғанымен, біздің құрметті ақсақалымызды еске алатын, жақсы көретін және құрметтейтін барлық адамдар үшін ол қашанда жол көрсетуші жұлдыз болып қала бермек. Барлығы оны принципті, кейде қатал, бірақ әділ адам ретінде есіне алады, өйикені, ол қажет болған кезде шебер сынап-шыңдап, керек болған кезде орынды мадақтай да білетін!

Кәкімжанов Тұрсынбай Сегізбайұлы 1939 жылы 20 қаңтарда Қостанай облысында дүниеге келген. Орта мектептен кейін 1961 жылы РСФСР ІІМ Свердлов әскери училищесін бітірді.      1961-1967 жылдары Қостанай облысының Октябрь аудандық ішкі істер бөлімінде жұмыс істеді.

1967-1970 жылдары КСРО ІІМ Мәскеу жоғары мектебінің Алматы күндізгі-сырттай филиалында оқыды, оны үздік бітірді. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінде жұмыс істеуге қалдырылды, онда 1970 жылдан 1995 жылға дейін ғылыми қызметкер, оқытушы, аға оқытушы, ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа бөлімінің бастығы болды. 2002 жылдан 2017 жылға дейін “Bolashaq”Академиясының заң пәндері кафедрасының доценті болып жұмыс істеді. Бір сөзбен айтқанда, оның бүкіл өмірі болашақ заңгерлердің жас ұрпағын тәрбиелеу ісіне берілді.

Ол 100-ден астам ғылыми, оқу-әдістемелік және әдістемелік басылымдардың авторы болды.

7 медальмен, 2 төс белгісімен марапатталған. “Шебер – тәлімгер” біліктілігіне ие болды. Қылмыстық құқық курсын, қылмыстық саясат мәселелері және оны жүзеге асыру бойынша арнайы курстарды оқыды.

Адамнан айырылып қалу азабын жеңілдету үшін сондай бір жақсы сөздер тауып айтқың келеді, бірақ жер бетінде мұндай сөздер бар деп айта алмайсың… Адамды жоғалтуды қалай сезінетінімізді сөзбен жеткізу қиын! Ағамыз нағыз адам атына лайық ардақты жан еді! Біз оны әрқашан есте сақтаймыз! Ол үлкен жүректің иесі болды.

Ағамыздың туыстары мен жақындарына шын жүректен жанашырлық білдіріп, көңіл айтамыз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.