“Жаңа форматтағы болашақ педагог-2021”

2021 жылғы 3-ші ақпанда «Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту» кафедрасы ZOOM платформасында Қарағанды облысы және қаласы орта мектептері, лицей, гимназияларының 11 сынып оқушылары арасында «Жаңа форматтағы болашақ педагог» онлайн – байқауының қорытындысын  өткізді

Байқауды өткізудегі мақсат: жастар арасында педагогикалық мамандықтардың беделін көтеруге мүмкіндік туғызу және гуманитарлы білімді насихаттау, әсіресе «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасын; педагогикалық және психологиялық қызметке қабілеті бар мектеп, гимназия, лицейдің жоғары сынып оқушыларын қолдау және айқындау.

Байқауға 11-сынып оқушылары ғана қатысты. Байқау екі тапсырмадан тұрды. 1-ші тапсырма – эссе жазу, 2 – тапсырма – «Білім беруді цифрландыру жағдайындағы Киберпедагогика» тақырыбында презентация дайындау. Байқауға  34  мектеп, мектеп-лицей, гимназия оқушылары қатысты. Соның ішінде 17- қазақ мектебінің оқушылары және 17 – орыс мектебінің оқушылары бақтарын сынасты.

«Жаңа форматтағы болашақ педагог» онлайн – байқауынын қорытындысын жариялау кешінде алғы құттықтау сөз «Bolashaq» Академиясынын Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Уразбаев Хамит Курентаевичке және «Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор  Храпченкова Надежда Ивановнаға берілді.

Жеңімпаздарды марапаттау келесі түрде өтті, атап айтқанда 1 орынға бір оқушы, екінші орынға екі оқушы, үшінші орынға үш оқушы ұсынылды.

Орын алған оқушыға:

1 орын – бірінші курсты тегін оқуға ректордың гранты беріледі;

2-орын – бірінші курста оқу ақысына 50% жеңілдік беріледі;

3-орын – бірінші курста оқу ақысына 25% жеңілдік беріледі.

Байқаудың нәтижелерін назарларыңызға ұсынамыз:

2 орын – Бағдат Балауса – Ғ.Мұстафин атындағы № 5 ЖББОМ, Теміртау қаласы

3 орын – Тұрсұнхан Гүлбахрам – № 82 ЖББМ, Қарағанды қаласы

3 орын – Толкынбекова Дильназ – № 10 ЖББМ, Жезқазған қаласы

3 орын – Буленова Аружан – Ақтау ЖОББ, Ақтау ауылы, Жаңарқа ауданы.

1 орын – Колмагорова Валерия – № 33 мектеп – балабақша кешені, Қарағанды қаласы

2 орын – Ворожейкина Варвара – Мектеп-гимназия № 1, Шахтинск қаласы

2 орын – Кабиева Алма – № 62 ЖББОМ Қарағанды қаласы

3 орын – Карманова Милана – № 25 ЖББОМ Қарағанды қаласы

3 орын – Мусахметова Назира – мектеп – интернат № 68 Қарағанды қаласы

3 орын – Ескендір Зұлқарнай – Әдемі – №103 мектеп-лицей, Қарағанды қаласы

Байқаудың жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз, алдағы уақытта табыс тілейміз.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

One thought on ““Жаңа форматтағы болашақ педагог-2021””