Ауғанстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына – 35 жыл! Волонтерлер іс шараға қатысып қайтты

Биыл – Ауғанстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына – 35 жыл. Соғыс өртінің сөндіріліп, бейбіт күннің байрағы желбіреген осынау күнге орай Қарағанды қаласында Жеңіс саябағында арнайы салтанатты еске алу кеші өтті. 

Іс-шараға Ауғанстан соғысына қатысқан ардагерлер, әскери қызметшілер және қала тұрғындары мен жастар қатысты. Салтанатты жиынға “Bolashaq” Академиясы волонтерлері де қатысып қайтты.

Бұл күн – жанары жасқа толы жесірлер мен жетімдердің, қара жамылған аяулы аналарымыздың аяулы ұлдарын жоқтаған күні!

Құрметті интернационалист жауынгерлер!

Сіздердің ел үшін жасаған ерліктеріңізді мәңгілік жадымызда сақтаймыз. Берекесі мен бірлігі жарасқан Тәуелсіз елімізде бақытты ғұмыр кешіңіздер. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз! Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен әкетілгеніне 35 жыл толуы мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.