Жалпықалалық сенбілік-2022

Сенбіліктің экологиялық мәдениетті қалыптастыруда, қоғамның назарын қала көшелерінің тазалығын сақтауға аударуда үлкен маңыздылығы бар. 2022 жылдың 9 сәуірінде “Bolashaq” академиясының 1-2 курс студенттері Қарағанды облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен жалпықалалық сенбілікке қатысты.

Құрал-жабдықтармен қаруланған барлық қатысушылар біріге ұйымдасыпқоқыс жинады. Оқу корпусының аумағы мен жатақхана жалпының күш-жігерімен тазартылды.Барлығы жақсы жұмыс жасады. Барлығы бірге, тек бірге ғана қажетті нәтижеге қол жеткізуге және қаламыздың таза әрі жайлы болуы үшін бәрін жасауға болатынын түсініп, өз үлесін қосты. Сенбіліктер адамдарды, барлық ұрпақ өкілдерін, біздің өмірімізді материалдық және рухани бай етуге ұмтылатындарды біріктіретін акция болсын.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.