NEET-тің жастарды жұмыспен қамту мәселелері туралы көпшілік тыңдаулары

2022 жылдың 7 сәуірінде “Amanat” партиясы ғимаратының ақ залында NEET-тің жастарды жұмыспен қамту мәселелері және ел Президентінің жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту жөніндегі Тапсырмалары аясында қабылданып жатқан шаралар туралы көпшілік тыңдаулар өтті. Тыңдаулар онлайн-форматта да қолжетімді болды. Көпшілік тыңдаулардың жұмысына облыстық, қалалық мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының, бизнес-қоғамдастықтардың, қоғамшылдардың, жастар мен БАҚ өкілдері қатысты.

“Bolashaq” академиясының атынан іс-шараға “Bolashaq” академиясының жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Байшагиров М. К., “Вolashaq” студенттік Республикасының үйлестірушілері Қожахметов М. А. және Әбілжанов А. Б., “Мейірім” еріктілер клубының үйлестірушісі Мергембаев А. С. қатысты.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.