«Bolashaq» Академиясының өкілдері Қарағанды мектептерінде кәсіптік бағдар беру кездесулерін өткізді

Болашақ мамандықты дұрыс таңдау — әрбір мектеп бітіруші түлектің өміріндегі ең маңызды әрі жауапты қадамдардың бірі. Осы бағытта жастарға қолдау көрсету және олардың кәсіби бағдарын айқындау мақсатында 2026 жылғы 26 қараша күні «Bolashaq» Академиясының кәсіптік бағдар беру және мансаптық даму бағытындағы жоспарлы жұмыстары аясында Қарағанды қаласындағы №8 және №17 жалпы білім беретін мектептерінде танымдық кездесулер ұйымдастырылды.

Тағылымды шараға Академияның кәсіптік бағдарлау және мансаптық даму бөлімінің басшысы Айтжан Д.К., аталған бөлімнің мамандары Косманова А.Б., Кадрин Т.Б., сондай-ақ Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының аға оқытушысы Құрман Н.Ұ. арнайы қатысып, жоғары сынып оқушыларымен ашық сұхбат құрды.

Кездесу барысында Академия өкілдері оқушыларға оқу орнының заманауи білім беру бағдарламалары, сұранысқа ие мамандықтар тізімі, оқуға түсу талаптары мен қабылдау ережелері туралы жан-жақты әрі нақты ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, студенттерге жасалған білім беру мүмкіндіктері, академиялық ұтқырлық бағдарламалары, гранттар мен жеңілдіктер жүйесі және жарқын студенттік өмірдің қыр-сыры кеңінен таныстырылды.

Жиын соңында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар беріліп, еңбек нарығындағы өзекті үрдістер мен мамандық таңдауда ескерілуі тиіс негізгі қағидалар талқыланды.

Мұндай жүйелі түрде өткізілетін кәсіптік бағдар беру кездесулері мектеп бітіруші түлектердің өз қабілеттері мен қызығушылықтарын дұрыс бағалауына, кәсіби бағытын нақты айқындауына және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына зор ықпал етеді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.