“Жастар және қазіргі заманның жаһандық мәселелері” республикалық ғылыми-практикалық конференциясы

Құрметті әріптестер, студенттер, магистранттар, жас ғалымдар!
“Bolashaq” академиясы 2022 жылдың 25 ақпанында студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың (халықаралық қатысумен) “Жастар және қазіргі заманның жаһандық мәселелері”атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

Конференция келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

  1. Қазақстан Республикасы заңнамасының даму перспективалары;
  2. Қаржы жүйесінің проблемалары және ұлттық экономикада бәсекеге қабілеттілікті арттыру;
  3. Дамып келе жатқан тұлғаның психологиялық-педагогикалық аспектілері;
  4. Тәрбие, оқыту және білім беру процестерін ұйымдастырудағы инновациялық тәсілде
    үздіксіз білім беру жағдайында тұлғаның дамуы;
  5. Қазақ филологиясы: бүгіні мен болашағы;
  6. Тілдерді білу-мәдениетаралық коммуникация негізі;
  7. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері;
  8. Химия-фармацевтика және биология-медицина ғылымдарының өзекті мәселелері
    дамудың қазіргі кезеңінде;

Конференцияның жұмыс тілдері-қазақ, орыс, ағылшын.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.