“Жастар және қазіргі заманғы әлемдік мәселелер” атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

Құрметті әріптестер, студенттер, магистранттар және жас ғалымдар!
«Bolashaq» академиясы 2021 жылғы 26-ақпанда өтетін «Жастар және қазіргі
заманауи әлемдегі мәселелер» тақырыбындағы студенттер, магистранттар,
докторанттар мен жас ғалымдардың (халықаралық қатысуымен) республикалық
ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады.
Конференция келесі бағыттар бойынша өтеді:

  1. Қазақстан Республикасы заңнамасының даму мәселелері;
  2. Ұлттық экономикадағы бәсекеге қабілеттілікті жоғарлату және қаржы жүйесінің
    проблемалары;
  3. Тұлғаны дамытудың психологиялық-педагогикалық аспектілері;
  4. Үздіксіз білім беру жағдайында тұлғаны тәрбиелеу, оқыту және дамыту
    процестерін ұйымдастырудағы инновациялық әдіс-тәсілдер;
  5. Қазақ филологиясы: бүгіні мен болашағы;
  6. Тілдер – мәдениетаралық қарым-қатынас негізі;
  7. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері;
  8. Қазіргі даму кезеңіндегі химиялық-фармацевтикалық және биологиялық-медицина
    ғылымдарының өзекті мәселелері.

*Конференция жұмысы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.