ӘТЖ жөніндегі проректордың жатақханадағы студенттермен кездесуі

“Bolashaq” академиясының әкімшілігіндегі проректорлар мен оқытушылар академия студенттерінің жатақханадағы жағдайы туралы үнемі хабардар болып отырады.

“Bolashaq” академиясында студенттердің жатақханада тұруы үшін барлық жағдай жасалған. Жатақханада санитарлық-гигиеналық ережелер мен қауіпсіздік ережелері сақталады. Оқытушылар кесте бойынша кезекшілік етеді.

Студенттер үшін қажетті жағдайлар жасалған: тұрғын бөлмелер, демалыс бөлмесі, тоңазытқыш, газ плитасы, кір жуғыш машина. Жатақханада тұру ақылы. Студенттерді оқудың толық кезеңіне тіркеуді Академия Әкімшілігі жүзеге асырады.

ӘТЖ жөніндегі проректор Р. Н. Исмаилова студенттермен жиі кездесіп, олардың күнделікті өмірімен тығыз байланыста болып отырады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.