«БОЛАШАҚ РЕСПУБЛИКАСЫ» СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУЫ ҰЙЫМЫ

«Болашақ Республикасы» 1999 жылы құрылған

Оның алғашқы президенті «Құқықтану» мамандығының студенті Ержан Егембердиев болды. Келесі президент Анна Борисовна Ярыгина болды. Сол кездегі «Болашақ» Қарағанды актуалды білім беру институтында оның төрағалығымен студенттерге мемлекеттік қызмет, заң және құқық саласындағы біліктіліктерін арттыратын мемлекеттік қызмет мектебі және «AREХ» және «Liberal-Demokrat» екі саяси партиялары жұмыс істей бастады.

2018 жылы Президент сайлауы өтті, онда «Қазақ тілі Әдебиеті» білім беру бағдарламасы студенті Бексұлтан Мағрупжан жеңіп шықты, ал 2019 жылы жаңарған және ребрентацияланған «Болашақ» Студенттік Республикасының алғашқы Президенті ұлықтау салтанаты өтті, Үкімет құрылды және Министрлер Кабинеті жиналды. «Болашақ» Студенттік Республикасының Премьер-Министрі лауазымын «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасы студенті Жанабаев Данияр Көнекбайұлына табысталды.

«Болашақ» Студенттік Республикасында «Республика Кеңесі» студенттік өзін-өзі басқарудың жоғарғы заң шығарушы органы жұмыс істейді, оған «Bolashaq» академиясының барлық білім беру бағдарламаламасынан 15 студент мүшелік етеді.

«Болашақ» Студенттік Республикасы, тәуелсіз («Болашақ» Академиясының студенттік өзін-өзі басқару аясында) студенттердің ерікті, демократиялық, құқықтық, зайырлы бірлестігі болып табылады.

«Болашақ «Студенттік Республикасы Конституциясының» 1-бабы

«Студенттік Республиканың» негізгі мақсаты:

• Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Болашақ» академиясы студенттерінің құқықтарын қорғау,

• олардың әлеуметтік-экономикалық және мәдени-адамгершілік қасиеттерін дамыту

• Көшбасшылық қасиеттерді және Қазақстан Республикасының болашақ менеджмент класын тәрбиелеу.

Академия студенттерінің белсенді азаматтық ұстанымын арттыру.

Студенттік Республиканың мүмкіндіктері:

· Мақала жазу, ғылыми жұмыстар, жобалар, стартаптар жазу

· Бизнес-жобаларды жазу

· Республикалық және халықаралық жарыстарға қатысу

· Шахмат шеберлігін дамыту

· Тегін фитнес залы және бассейн

· Конференциялар мен байқаулар, форумдар мен саммиттер ұйымдастыру тәжірибесі

· Студенттің ішкі әлеуетін ашу, белсенді азаматтық тұлға қалыптастыру

· Академияның барлық алқалы органдарында қатысу

· Әртүрлі іс-шараларға шетелге сапарларға шығу

· Жатақханаға студенттерді орналастыру немесе шығару

· Ректорлық қордан белсенді студенттерді марапаттау

МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТІ (ҮКІМЕТ)

«BOLASHAQ СТУДЕНТТІК РЕСПУБЛИКАСЫ»