2026 жылғы 28 қазанда «Bolashaq» академиясы сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында академияға келген Новосібір мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттеріне арнап Долинка кентіндегі Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейіне мәдени-танымдық экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия барысында студенттер Қарлаг тарихымен, архивтік құжаттармен, фотосуреттермен, тұтқындардың жеке заттарымен және жаппай саяси қуғын-сүргін кезеңіндегі қайғылы оқиғаларды баяндайтын музей […]
Жаңалықтар
«Bolashaq» Академиясында студенттердің денсаулық сақтау мәдениетін қалыптастыру және жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Кездесуге ЖИТС орталығының өкілі Ирина Александровна қатысып, Академия студенттеріне адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ), АИТВ инфекциясының алдын алу жолдары, сондай-ақ қыс мезгілінде жиі кездесетін вирустық инфекциялар және олардан қорғану шаралары туралы ақпарат берді. Іс-шара […]
2026 жылғы 24 қазан күні Республика күніне орай Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің базасында Қарағанды облысының жоғары оқу орындары студенттерінің басын қосқан облыстық дебат турнирі өтті. Қарағанды облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бастамасымен ұйымдастырылған аталмыш зияткерлік дода жастардың қоғамдық белсенділігін арттыруға, сыни ойлау мәдениетін қалыптастыруға, шешендік өнерін шыңдауға және өзекті мәселелер […]
2026-2027 оқу жылының күзгі семестрінде «Bolashaq» Академиясының студенттері сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Profi University-дің Науаи филиалында (Өзбекстан, Науаи қаласы) білім алуда. Бағдарламаға қатысушы студенттер: 1) Темірланқызы Аяулым – 6В01301 – «6B01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі » білім беру бағдарламасының 2-курс студенті; 2) Сергеева Асем Ерболовна – 6В01101 […]
Академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Bolashaq» Академиясының студенттері тәжірибе алмасу, басқа елдің білім беру жүйесімен танысу және кәсіби құзыреттіліктерін арттыру мақсатында Ресей Федерациясының Новосибирск мемлекеттік педагогикалық университетіне (НМПУ) аттанды. Студенттер алғашқы күндерден бастап қабылдаушы университеттің білім беру және мәдени өміріне белсенді араласа бастады. Новосибирск мемлекеттік педагогикалық университетінің өкілдері олар […]
«Bolashaq» Академиясында 25 қазан – Республика күніне орай мерекелік салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Маңызды мемлекеттік мерекеге арналған жиын ел тәуелсіздігінің құндылықтарын дәріптеуге, ұлттық бірегейлікті нығайтуға және отандық білім мен ғылымның дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегін бағалауға арналды. Салтанатты іс-шара барысында Академияның қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, қоғамдық бастамалардың жүзеге асуына және […]
«Bolashaq» Академиясының ректоры К.Б. Аданов Қарағанды медицина университетіне П.М. Поспелов есімін беруге арналған салтанатты іс-шараға қатысты. Аталған оқиға – тарихи жадыны сақтауға, көрнекті тұлғалардың мұрасын дәріптеуге және олардың отандық білім беру, ғылым мен медицина салаларының дамуына қосқан үлесін ұлықтауға бағытталған маңызды қадам. Еліміздің тарихында өзіндік із қалдырған, кәсіби қызметімен және […]
«Тұлпар мініп, ту алған» әскерилер арасындағы облыстық байқауының жеңімпазына «Bolashaq» Академиясы атынан 2027–2028 оқу жылына арналған білім гранты табысталды. Білім грантын салтанатты жағдайда Академия ректоры жеке өзі табыстап, жеңімпазды лайықты жетістігімен құттықтады. Сонымен қатар алдағы оқу жолында сәттілік, жаңа мүмкіндіктер мен толағай табыстар тілеп, білімнің адам өміріндегі маңыздылығын және сапалы […]
2026 жылғы 21 қазанда Достық үйінде «Салауатты сана» жобасы аясында «Құмар ойындарды жарнамалауға қарсы шаралар және лудоманияның алдын алу» тақырыбында ақпараттық-танымдық кездесу өтті. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу, лудоманияның қауіптілігі туралы түсінік қалыптастыру, сондай-ақ студенттердің салауатты өмір салтына деген қызығушылығын арттыру. Кездесу барысында […]
«Bolashaq» Академиясында студенттермен «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық жауапкершілікті нығайту және Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген негізгі қағидаттар мен құндылықтарды насихаттау болды. Кездесу барысында қатысушылар Конституциялық реформалардың маңызы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, заң үстемдігі және құқықтық мемлекетті дамыту бағытында жүргізіліп жатқан […]
Жаңасібір мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері шетел тілдерін оқытуда заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті қолдануға арналған танымдық әрі мазмұнды шеберлік сабағын өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар заманауи цифрлық құралдармен, жасанды интеллекттің мүмкіндіктерімен және білім беру үдерісін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерімен танысты. Шеберлік сабағында жасанды интеллектті шетел тілдерін оқытуда тиімді пайдалану, интерактивті тапсырмалар […]
«Bolashaq» Академиясында «Шыншыл сөз – әділетті қоғамның бастауы: Жаңа Конституция және азаматтық жауапкершілік» тақырыбында дөңгелек үстел-конференция өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық жауапкершілік пен қоғамдық белсенділікті қалыптастыру, сондай-ақ әділдік, адалдық және шыншылдық құндылықтарын насихаттау. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар әділетті қоғам қалыптастырудағы жастардың рөлі, азаматтық ұстанымның маңыздылығы […]
18 қазан күні «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы аясында «Bolashaq» Академиясының студенттері мен қызметкерлері Абай ескерткіші алаңында сенбілік жұмыстарын өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар аумақты қоқыстан тазалап, қоршаған ортаның тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты. Мұндай бастамалар жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Тазалық пен тәртіп әрқайсымыздан […]
2026 жылғы 13 қазанда Құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының меңгерушісі Кабжанов Ақылбек Тайбулатович «SARYARQA» телеарнасындағы «Ойталқы» бағдарламасының «Ұлттық қор – балаларға» тақырыбына арналған шығарылымына спикер ретінде қатысты. Бағдарламада жобаның әлеуметтік маңызы, оның балалардың болашағына ықпалы, қаражатты бөлу кезіндегі әлеуметтік теңдік және жинақталған қаражатты пайдалану тәртібі талқыланды. Сарапшылар бастаманың жастарға білім […]
2026 жылғы 15 қазанда Qazaq AI Research University (QAIRU) алаңында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен Жоғары білім беру қызметкерлері күніне арналған форум өтті. Ауқымды іс-шараға жоғары оқу орындарының басшылары, ғылыми және академиялық қоғамдастық өкілдері, сондай-ақ білім беру мен инновациялар саласындағы сарапшылар қатысты. Форум аясында Қазақстан Республикасының Ғылым […]