Құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының меңгерушісі Қабжанов Ақылбек Тайболатұлы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ғылыми зерттеу университетінде өткен ашық үлгідегі криминалистикалық полигонның ашылу рәсіміне қатысты. Полигон Қарағанды облысының Полиция департаменті мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қолдауымен құрылды. Іс-шара академиялық қауымдастық өкілдері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін біріктірді. Полигонның ашылуы […]
Жаңалықтар
«Bolashaq» Академиясында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша студенттерді дуальды оқыту жүйесін іске асыру жұмыстары жалғасуда. Оқытудың бұл форматы болашақ педагогтерге теориялық пәндерді меңгеруді Қарағанды қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы практикалық қызметпен ұштастыруға мүмкіндік береді. Дуальды оқыту – мектепке дейінгі білім беру саласындағы болашақ мамандарды практикаға бағыттап даярлаудың […]
Қазан айының алғашқы күні аталып өтетін Халықаралық қарттар күніне орай «Bolashaq» Академиясының белсенді студенттері «Забота» қарттар үйіне арнайы барып, қарияларды мерекемен құттықтады. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл игі шараның басты мақсаты – өмірлік тәжірибесі мол, өнегелі ғұмыр иелеріне құрмет көрсету, ақсақалды аталарымыз бен ақ жаулықты әжелерімізге жылулық пен қуаныш […]
2026 жылғы 29 қыркүйекте «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 1–4 курс студенттері арасында Four Years – One Team атты интерактивті іс-шара өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – әр курс студенттерінің бір-бірімен танысуына, еркін қарым-қатынас жасауына және біртұтас студенттік орта қалыптастыруына мүмкіндік беру. Қатысушылар аралас командаларға бөлініп, қазақ, орыс […]
2026 жылғы 29 қыркүйекте «Bolashaq» Академиясында білім беру және ғылыми қызметте жасанды интеллектіні қолдануға арналған оқыту семинары өтті. Семинарды Bilim UpSkill компаниясының әдіскерлері жүргізді. Қатысушылар ChatGPT Edu платформасының мүмкіндіктерімен, Chat, Work және Codex жұмыс режимдерімен танысты. Сонымен қатар жасанды интеллектіні оқу материалдарын әзірлеуде, сабақтарды жоспарлауда, ғылыми әдебиеттерді талдауда, зерттеу жүргізуде […]
Бүгінде кәсіби қауымдастық жоғары білім беруді дамытудың негізгі бағыттарын: жасанды интеллект, цифрландыру, заманауи білім беру технологиялары, зерттеулер мен деректерді талдау, университеттерді дамыту және сұранысқа ие мамандарды даярлаудың жаңа тәсілдерін талқылауда. Осындай ауқымды кәсіби іс-шараға қатысу білім беру қауымдастығымен пікір алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға және жоғары білім беру саласындағы заманауи үрдістермен […]
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романын талдауға арналған әдеби-танымдық кездесу өтті. Кездесуге «Bolashaq» Академиясының студенттері белсене қатысып, шығарма желісі, кейіпкерлер тағдыры мен романда көтерілген маңызды тақырыптар төңірегінде өз ойларын ортаға салды. Әдеби кездесу студенттерге шығарманы тереңірек танып, пікір алмасуға және өзіндік көзқарастарын білдіруге мүмкіндік берді.
«Bolashaq» Академиясының студенттері «Жастар – Заң мен тәртіптің тірегі» атты жастар форумына қатысты. Форум барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, сондай-ақ жас ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымын дамыту мәселелері қозғалды. Форум аясында «Bolashaq» Академиясының белсенді студенті Кадрин Тілеген Берекеұлының анасы және […]
«Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасын таныстыру аясында «Bolashaq» Академиясының өкілдері «Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейі» КММ-нің 6-7-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушыларға жобаның мақсаты таныстырылып, кітапты тиімді оқу, оқылған ақпаратты есте сақтау тәсілдері туралы пайдалы кеңестер берілді. Сонымен қатар, оқушылармен еркін форматта кері байланыс жүргізіліп, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға […]
«Bolashaq» Академиясында «Салауатты қарым-қатынас қандай болуы керек?» тақырыбында студенттермен кездесу өтті. Кездесуге «Қарағанды қаласының Отбасын қолдау орталығы» КММ мамандары қатысып, салауатты қарым-қатынас, өзара сыйластық пен сенім, жеке шекараны сақтау және отбасылық құндылықтар жөнінде пайдалы ақпараттармен бөлісті. Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан кеңес алды.
2026 жылғы 17 қыркүйек күні «Bolashaq» Академиясының кәсіптік бағдарлау және мансаптық даму бөлімі Қарағанды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында департамент қызметінің негізгі бағыттары, бос лауазымдарға конкурстық іріктеу тәртібі, мемлекеттік қызметке қабылдану мүмкіндіктері және түлектерді жұмыспен қамту мәселелері түсіндірілді. Іс-шараға Құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының түлектері […]
«Bolashaq» Академиясының құқықтық және қаржылық кафедрасының меңгерушісі А.Т.Кабжановтың бірқатар авторлармен бірлесіп жазған «Жаңа Конституция: әділетті мемлекеттің жаңа құндылықтық бағдары» атты мақаласы «Аrqa аqshаmy» газетінің 2026 жылғы 17 қыркүйектегі санында жарық көрді. Мақалада жаңа Конституцияның қоғам мен мемлекет дамуындағы маңызы, құқықтық және әлеуметтік құндылықтардың өзектілігі кеңінен қарастырылады. Әріптесімізді ғылыми-публицистикалық бағыттағы еңбегінің […]
2026 жылғы 10 қыркүйекте тәрбие жұмысы аясында «Bolashaq» академиясының «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының студенттері «Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасының аға эдвайзері М. Қ. Әбдрешева жетекшілігімен Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына барды. Іс-шара Қарағанды қаласының жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған кітапхана ұйымдастырған […]
15 қыркүйек күні «Bolashaq» Академиясында «Заң мен тәртіп» ақпараттық-профилактикалық жобасы аясында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша 1 және 2 курс студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, өзгенің мүлкіне қол сұқпау, жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, студенттерге құқықтары мен […]
Елімізде қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні аталып өтеді. Отбасы – адамға ең алғаш мейірім мен тәрбиені, сүйіспеншілік пен қамқорлықты үйрететін қасиетті орта. Берік отбасы – ел болашағының кепілі, ұлт тәрбиесінің негізі. Осындай мерекеде әр шаңыраққа амандық, бірлік, береке мен бақыт тілейміз! Отбасыларыңызда сыйластық пен жылулық әрдайым салтанат құрсын!