Академиямызда жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани-мәдени құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында Жастар ресурстық орталығының өкілдері студенттермен кездесіп, кітап оқудың маңызы, оның тұлғалық дамуға әсері және жастар арасында оқу мәдениетін қалыптастыру туралы ақпарат берді. Кітап оқу – білімді арттырып қана қоймай, […]
Жаңалықтар
Бүгін «Bolashaq» Академиясында студенттермен терроризмнің алдын алу және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпараттық кездесу өтті. Кездесуге Қарағанды қаласы әкімдігі жанындағы Терроризмге қарсы комиссияның үйлестіру мәселелері жөніндегі бас инспекторы Сергей Юрьевич арнайы қатысып, білім алушыларға аталған бағыт бойынша маңызды ақпарат берді. Кездесу барысында терроризмнің алдын алу шаралары, қауіпсіздік ережелерін сақтау, […]
10 қыркүйек күні «Bolashaq» Академиясында 1-курс студенттеріне арналған ақпараттық кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында білім алушылар Академия жанындағы студенттік ұйымдармен, олардың негізгі қызмет бағыттарымен және жүзеге асырып жатқан жобаларымен танысты. Ұйым өкілдері студенттерге әрбір бірлестіктің мақсат-міндеттері мен жұмыс бағыттары туралы ақпарат беріп, олардың жұмысына қатысу мүмкіндіктерін түсіндірді. Іс-шара барысында студенттерге шығармашылық, […]
2026 жылғы 10 қыркүйек күні Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қала тұрғындары мен білім беру ұйымдарының студенттеріне арналған «Шексіз мүмкіндіктер: келіңіз, көріңіз, шабыт алыңыз» атты Ашық есік күні өтті. Аталған іс-шараға «Bolashaq» академиясының Фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушылары Темиреева К.С. және Темиреева Н.Б. жетекшілігімен Фм 24-2 және Фм […]
Филология ғылымдарының докторы, профессор Нұрсұлу Ибраевна Букетова «Bolashaq» Академиясына арнайы келіп, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларды жаңа оқу жылының басталуымен және Білім күнімен құттықтады. Кездесу барысында профессор Академия ұжымына ізгі тілегін білдіріп, жаңа оқу жылында толағай табыстар мен кәсіби жетістіктер, ал білім алушыларға білім мен ғылым жолында биік белестер тіледі. […]
«Bolashaq» Академиясы Жастар ресурстық орталығының «Saryarqa Creative Hub» креативті орталығында жаңадан ашылған кітапхана қорына кітаптар сыйға тартты. Бұл бастама – жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, рухани-танымдық дамуына қолдау көрсетуге және кітап оқу мәдениетін насихаттауға бағытталған игі қадам. Кітап – білім мен руханияттың қайнар көзі. Сыйға тартылған әдебиеттер оқырмандарға пайдалы […]
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келетін Тілдер мерекесіне орай «Bolashaq» Академиясында қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен студенттер арасында «Тіл love» интеллектуалды-танымдық ойыны өтті. Іс-шара барысында студенттер қазақ тілі мен әдебиеті бойынша танымдық сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтелдерді жалғастыру, сөз мағынасын ашу бағытындағы түрлі тапсырмаларды орындады. Қатысушылар өз білімдерін […]
«Bolashaq» Академиясының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сембиев Құрманғазы Зәкірұлы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «АНА ТІЛІН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН» төсбелгісімен марапатталды. Академия ұжымы Құрманғазы Зәкірұлын мәртебелі марапатымен шын жүректен құттықтайды! Алдағы уақытта да кәсіби қызметіңізге толағай табыс, шығармашылық ізденіс пен жаңа жетістіктер тілейміз!
Бұл күн – халқымыздың асыл мұрасы болып саналатын мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге, ұлттар мен ұлыстарды тоғыстырған Қазақстандағы тілдік әралуандылықты дәріптеуге бағытталған айрықша мереке. Мемлекеттік тілді дамыту – баршамыздың ортақ парызымыз. Сонымен қатар, еліміздегі әрбір этностың тілін құрметтеу – татулық пен бірліктің басты кепілі.
«Bolashaq» Академиясында Білім күніне арналған «Қош келдің, студент!» атты мерекелік іс-шара өтті! «Bolashaq» Академиясының ректоры Қуанышбек Бұланұлы Аданов жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім, ғылым мен еңбектің болашақтың берік іргетасы екенін атап өтті. Академияның бірінші курс студенттері салтанатты ант беріп, студент атағын адал алып жүруге, ұстаздарға құрмет көрсетуге және жаңа […]
31 тамыз күні «Bolashaq» Академиясында 2026–2027 жаңа оқу жылының басталуына орай Кеңейтілген ғылыми кеңес өтті. Жиынды Академия басшылығы ашып, ұжымды жаңа білім беру маусымымен және келе жатқан Білім күнімен құттықтады. Отырыста Академияның стратегиялық дамуына қатысты маңызды мәселелер мен құрылымдық өзгерістер талқыланып, жаңа оқу жылындағы негізгі басымдықтар мен алдағы жұмыс жоспары […]
«Bolashaq» академиясының тарихында ерекше маңызға ие айтулы оқиға орын алды. Бұл қуанышты жаңалық біздің ұжым үшін зор мақтаныш қана емес, Академияның ғылыми дамуындағы жаңа белестің бастауы болды. «Bolashaq» академиясының ұжымы Көпжасарова Сағынгүл Ізбасарқызын диссертациялық кеңестің философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы шешімінің бекітілуімен шын жүректен құттықтайды. «Оңалту және банкроттық рәсімдерін […]
2026 жылдың 17 маусымында Фармацевтикалық пәндер кафедрасының тәрбие және әлеуметтік жұмыс жоспары, сондай-ақ түлектермен байланыс аясында қорытынды аттестациядан сәтті өткен 6B10101 – «Фармация» білім беру бағдарламасының 5 курс күндізгі және 3 курс күндізгі қысқартылған оқу бөлімінің студенттері мен Қарағанды облысы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің […]
2026 жылғы 13 маусымда Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің диссертациялық кеңесінде 8D04201 – «Құқықтану» білім беру бағдарламасының докторанты Копжасарова Сағынгүл Избасарқызының «Оңалту және банкроттық рәсімдерін жүргізудегі борышкердің мәмілелерінің жарамсыздығы» тақырыбындағы философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясы сәтті қорғалды. Қорғау барысында ізденуші зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері […]
2025–2026 оқу жылында оқу, ғылым, спорт және қоғамдық қызмет салаларында жоғары жетістіктерге жеткен студенттерге Ғылыми кеңестің салтанатты отырысында арнайы шәкіртақылар табысталып, құрмет көрсетілді. Марапат иелері қатарында республикалық және халықаралық олимпиадалардың, ғылыми байқаулардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ Академияның қоғамдық өміріне белсенді атсалысып жүрген студенттер бар. Олардың қатарында: «Жыл студенті […]