«Bolashaq» Академиясында студенттерге инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша кездесу өтті

«Bolashaq» Академиясында студенттердің денсаулық сақтау мәдениетін қалыптастыру және жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.

Кездесуге ЖИТС орталығының өкілі Ирина Александровна қатысып, Академия студенттеріне адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ), АИТВ инфекциясының алдын алу жолдары, сондай-ақ қыс мезгілінде жиі кездесетін вирустық инфекциялар және олардан қорғану шаралары туралы ақпарат берді.

Іс-шара барысында жұқпалы аурулардың таралу жолдары, жеке гигиенаны сақтау, иммунитетті нығайту және аурулардың алдын алу үшін жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан пайдалы кеңестер алды.

Осындай кездесулер жастардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыруға, салауатты өмір салтын ұстануға және аурулардың алдын алу туралы ақпараттануын кеңейтуге бағытталған.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.