Академия өкілдері Қарағандының №18, 25, 30, 32 және 33 жалпы білім беру мектептерінің оқушылары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Педагогика кафедрасының оқытушылары А.С. Абдрахманова, Г.С. Махмутова және С.К. Мекадилова, сондай-ақ фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушысы С.А. Блялев болашақ студенттерді Академияның білім беру бағдарламаларымен, қабылдау талаптарымен, оқу процесін ұйымдастырумен және жоғары білім алу мүмкіндіктерімен таныстырды.


Кездесудің негізгі мақсаты түлектерге болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу, оларды жоғары білім алу мүмкіндіктерімен таныстыру және мансап жолын анықтауда қолдау көрсету болды.
Студенттер қабылдау ережелері, оқу кезеңдері, білім беру бағдарламалары және студенттік өмір туралы сұрақтарына жауап алды. Іс-шара барысында мектеп оқушыларына Академияның білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары, академиялық процесс және студенттерге қолжетімді мүмкіндіктер туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар, мамандық таңдауға қатысты өзекті мәселелер талқыланды және студенттердің барлық сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап берілді.


Bolashaq академиясының кәсіби бағдар беру қызметтері жалғасуда және болашақ студенттерге мамандық таңдауда жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған.