Әлем халықтарының әлеуметтік жады

Жыл сайын “Bolashaq” академиясының профессор-оқытушылар құрамы мен студент жастары митинг-реквиемге қатысып, бас иіп, құрмет көрсетеді.

31 мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні Спасск мемориалында салтанатты митинг өтіп, қайтыс болғандарды еске алуға арналған гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Митингке түрлі мемлекеттердің ресми өкілдері қатысады. Қазіргі жеткіншектер келер ұрпаққа ата-бабаларының жерленген жерін білу, тоталитарлық жүйемен сотталған адам үшін соңғы пана болған жерге тағзым ету қаншалықты маңызды екенін есте ұстауы керек.

ХХ ғасырдың аяғынан бастап қазіргі уақытқа дейін Спасск – бұл саяси тұтқындардың, жер аударылғандардың, әскери тұтқындар мен еркінен айырылғандардың шамамен 5000-нан 8000-ға дейін жерлеу орындары бар халықаралық мемориалдық кешен, ол мұнда өз отандастарын жоғалтқан көптеген шет елдерден келген адамдар үшін есте қаларлық орынға айналды.

Бүгінгі таңда бұл кешен саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған 28 ескерткіш белгіні біріктіреді. Жеті мыңнан астам шетелдік сарбаз Қарағанды жерінде мәңгі қалды. Спасскийдің жанында орналасқан зират – осы уақытқа дейін сақталған санаулы зираттардың бірі. Мұрағат деректері бойынша мұнда бес мыңнан астам әскери тұтқын жерленген. Екі мың белгісііз қабірлер бүкіл облыс аймағының әр түкпірінде жатыр.

Жапония үкіметі 1987 жылы Спасскде алғашқы болып ескерткіш белгі орнатқан. 1990 жылдардың басынан бастап әр түрлі шет елдердің өкілдіктері Орталық Қазақстанда жерленген жерлестеріне ескерткіштер орнатуды бастады.

1994 жылы 8 мамырда Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Ф. де Фуконың қатысуымен осында жерленген француз азаматтарына арналған ескерткіш ашылды.

Фин әскери тұтқындарына арналған ескерткіш 1994 жылы 25 қазанда Фин соғыс құрбандарын еске алу қоғамының қатысуымен тұрғызылды.

1995 жылы Германия үкіметі өз отандастарына — Қарағанды облысында қайтыс болған және жерленген Екінші дүниежүзілік соғыстың әскери тұтқындары мен еркінен айырылғандарға естелік белгі орнатты.

Украина Үкіметі 1995 жылы Спасск зиратында өткен ғасырдың 1930-1950 жылдары Қазақстанда қаза тапқан отандастарын еске алу мемориалын орнатты.

1990-шы жылдардың ортасында Спасск зиратында Италия Үкіметі Қазақстанда жерленген итальяндықтарға ескерткіш орнатты.

1996 жылы Польша үкіметі Спасск мемориалдық зиратында поляктарға — Сталиндік қуғын-сүргін құрбандарына және Қарағанды облысында қаза тапқан және жерленген Екінші дүниежүзілік соғыс әскери тұтқындарына естелік белгі орнатты.

2000 ж. 31 Мамырда Венгрия Үкіметі Спасск зиратында Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандары — әскери тұтқындарға ескерткіш ашты.

2003 жылғы 9 қыркүйекте Спасск зиратында “1941-1950 жылдары Орталық Қазақстандағы сталиндік лагерьлерде қайтыс болған 900-ден астам румын тұтқындарын еске алу”деген жазуы бар румын әскери тұтқындарына ескерткіш орнатылды.

2004 ж.24 сәуірде 1915 ж. геноцид құрбандарын еске алу күні “Эребуни” облыстық армян мәдени орталығы Спасскіде армян саяси қуғын — сүргін құрбандарын еске алуға арналған – хачкар естелік белгісін – қойды.

2004 ж. 31 мамырда Литва Республикасы Әлеуметтік қамтамасыз ету және еңбек министрлігінің Мемлекеттік хатшысы В. Мураускайте мен Литва Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Р. Високавичустың қатысуымен “1990 жылы Литва тәуелсіздігі қалпына келтірілгеннен кейін белгіленген литвалық тұтқындарға деген құрметтің алғашқы белгісі” деген жазуы бар Қазақстандағы НКВД — ІІМ лагерьлеріндегі тұтқындарға арналған мемориалдық ескерткіштің ашылуы өтті.

2004 ж. 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қазақстандықтар атынан “Қазақ жерінде мәңгілік тыныштық тапқан қуғын-сүргін құрбандарына” естелік белгісі орнатылды (авторлары: М. Қалқабаев, В. Троценко).

2004 жылғы 10 қыркүйекте Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі В.Бабичевтің қатысуымен Орталық Қазақстанда сталиндік қуғын-сүргін жылдарында қаза тапқан Ресей азаматтарын еске алуға арналған мемориалдың салтанатты ашылуы өтті.

2007 жылғы 31 мамырда Қырғызстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ж.Сааданбековтың қатысуымен қырғыздарды еске алу мемориалы ашылды.

2008 жылғы 31 мамырда Грузияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Зураб Шургаийдің қатысуымен Қарағанды облысында жерленген ХХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы саяси қуғын — сүргін құрбандары-грузиндерге арналған мемориалдық ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті.

2008 жылғы 31 мамырда Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Лятиф Гандиловтың қатысуымен әзербайжандарды еске алу мемориалы ашылды.

2008 ж. қазан айында Спасск зиратында Қазақстанда қуғын-сүргін жылдарында қаза тапқан корейлерді еске алуға арналған мемориалдық белгі орнатылды. Ескерткіштің салтанатты ашылуы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні 2009 жылғы 31 Мамырда Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ли Бен-хваның қатысуымен өтті.

2010 жылғы 31 мамырда Саяси қуғын – сүргін құрбандары-еврейлерге арналған естелік белгісінің ашылуы өтті. 2012 жылы естелік белгілердің қатарына тағы екеуі – Молдова мен Словакия қосылды .

2013 ж. 2 маусымда Латвия Президенті Андрис Берзиньш Қазақстан жерінде мәңгі тыныштық тапқан латыштарға ескерткіш ашты.

2014 жылғы 31 мамырда беларусьтік Саяси қуғын-сүргін құрбандарына ескерткіш белгі орнатылды.

2015 жылғы 31 мамырда Испания және Эстония елшіліктерінің өкілдері өз отандастарына естелік белгілер ашты.

2016 жылғы 31 мамырда сталиндік қуғын-сүргін кезеңінде лагерьлерде қаза тапқан қарашай-балқарлықтарды мәңгі есте қалдыру үшін ескерткіш қойылды.

2018 жылғы 31 Мамырда Иран мен Чехия азаматтарына арналған екі ескерткіш белгінің ашылу салтанаты өтті.

Өз еркінсіз Қазақстан жерінен орын тепкен этностардың тағдыры халықты кешірілмейтін тоталитарлық жүйенің алдына топтастырған ортақ тарихи жадымен біріктірілген. Қазақстандық қоғамда мейірімділік, жанашырлық, әлем халықтарының тағдырына немқұрайлы қарамаушылық сияқты қасиеттер дамыған. Бұл өз халқының тарихын қадірлейтін және құрметтейтін қазіргі ұрпақты аяғына нық тұрғызып, төтеп беруге және өсіріп-өндіруге мүмкіндік берді.

Спасск мемориалдық кешені қуғын-сүргінге ұшыраған, депортацияланғандар, әскери тұтқындар, еркінен айрылғандар туралы әлем халықтарының әлеуметтік естелігі шоғырланған орын болып қала береді. Біз олардың бәрін бірге және өлгендердің әрқайсысын бөлек жоқтаймыз.

“Руханият” ҒЗО директоры А. У. Аупенова

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.