Педагогикалық практика- болашақ маманның шыңдалу мектебі

Мұғалім мамандығы жер жүзіндегі ең игілікті мамандық екені белгілі.Себебі ол өзінің білімімен , ақыл парасатымен,яғни бүкіл болмысымен қоғамның болашақ азаматының тұлғасын сомдап дамытуда әлеуметтік маңызды қызмет атқарады. Адам өзі өмір сүргеннен бері әрдайым оқып білуге,өз тәжірибесін жас ұрпаққа таратуға, өмір тәжірибесін саналы тұрғыда меңгеруге талпынады. Осындай керемет мамандықты игеруде жас педагогтар үшін педагогикалық практика маңызды роль атқарады.Студенттер тұтастай мектеп өмірін, сынып пен мектеп арасындағы байланысты өзі атқаратын тәрбие жұмысының басқа мұғалімдердің  және бүкіл педагогикалық ұжымның  жұмысымен тікелей  байланысты екендігін жете ұғынады.  

2023 жылдың 23 қаңтар күні  «Bolashaq» академиясының Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының барлық студенттеріне педагогикалық практика басталды. Практика жетекшілері студенттермен бірге мектептерге барып, студенттерді  мектеппен,пән мұғалімдерімен ,сынып оқушыларымен таныстырды. Студенттер өздерінің алған білімдерін   практика барысында өткізілілетін іс- шаралар мен ашық сабақтарда көрсететін болады.   Барлық студенттерге сәттілік тілейміз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.