Педагогикалық практика бойынша бекіту конференциясы

2020 жылдың 3 желтоқсанында “Bolashaq” академиясында БОПмӘ-19-2 К тобының студенттері арасында Skype платформасында on-line режимінде педагогикалық практика бойынша бекіту конференциясы өтті. Конференцияға БОПмӘ-19-2к тобының студенттері, тәжірибе бойынша әдіскер Ж. М. Қонысбаева, тәжірибе бойынша жауапты кафедраның аға оқытушысы Е. А. Голомазова, аға оқытушы С. А. Бакарамова және тәжірибе жетекшісі К. А. Сарбасова қатысты.

​Конференция студенттердің мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, Академияда оқу кезінде алған теориялық және практикалық білімін мектептегі практикалық сабақтарда пайдалану мүмкіндігі мақсатында өтті.

Конференция барысында студенттер практиканың міндеттерімен және бағдарламасымен таныстырылды. Жетекшілік ететін оқытушылар мен студенттерге практиканы ұйымдастыру бойынша барлық қажетті құжаттар мен әдістемелік ұсынымдар берілді.

Елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты машықтанушы студенттерге интернет – ресурстарды пайдалана отырып, онлайн практикадан өтуге, сынып сағаттары мен мектеп іс-шараларын өткізуге тура келеді.

Педагогикалық тәжірибеден өтулеріңізге сәттілік тілейміз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.