Өз түлектерімізді мақтан тұтамыз

“Bolashaq” Академиясының “Педагогика және психология” білім беру бағдарламасының 2017 жылғы түлегі Мақсат Әнуарұлы Аруновқа Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 12 ақпандағы Жарлығымен “Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы” құрметті атағы берілді.

“Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы” атағы елімізде алғаш рет бекітілді. Еліміздің үздік мұғалімдері болып 25 адам танылды, олардың қатарына Арунов Мақсат Әнуарұлы да кіреді.

Мақсат Әнуарұлы Ақтау орта мектебінің директоры қызметін атқарады және ол білім беру саласына жаңашыл үлес қосқан білікті басшы. Сондай-ақ, ол өлкетанушы және тарихшы, білім беру қызметінде ақпараттық технологияларды меңгерген білікті IT-маманы ретінде танымал.

Мақсат Әнуарұлы “Қазақстанның 100 жаңа есімі” республикалық жобасына қатысты.

“Bolashaq” академиясы Мақсат Әнуарұлын марапатпен құттықтайды және алда жаңа жеңістер тілейді!

Құттықтаймыз!!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.