Мектеп бітіруші түлектермен онлайн кездесу өтті

2021 жылдың 15 наурызында ZOOM тұғырнамасында «Bolashaq» академиясы мен Түркістан облысының Сарыағаш аудандық Оқу бөлімі ұйымдастырған мектеп бітіруші жас түлектер мен олардың ата-аналарына арналған Кездесу-көрме болып өтті.

Кездесуге барлық аудандық мектептердің 9-11 сыныптары қатысты. Шараның өткізілуі барысында Академия туралы бейнежазбалар көрсетіліп, презентация бойынша толық ақпарат берілді.

Оқушылар мен ата-аналар ЖОО туралы өздерін қызықтырған сұрақтарды қоя отырып, тиісінше мәлімет алды. Олар академия өміріне аса қызығушылық танытты.

Кездесу соңында мектеп басшылары мен ұстаздары өз тілектерін айтып, Академия ұжымына алғыс білдірді.

Алдағы уақытта басқа да аудандық, қалалық орта мектептермен кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу туралы өз ұсыныстарын айтты.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.