2026 жылғы 23 сәуірде Саран қаласының Мәдениет үйінде Саран қаласының Мансап орталығы ұйымдастырған қалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Аталған іс-шара жұмыс берушілерді, білім беру ұйымдарын және оқу орындарының түлектерін біріктіріп, ашық диалог, тәжірибе алмасу және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін талқылауға арналған алаң болды. Аталған іс-шараға «Bolashaq» академиясы белсенді қатысты. Жәрмеңкеге […]
Академия "Bolashaq"
«Bolashaq» Академиясында дәстүрлі «Тіл-Қазына» олимпиадасы өтті. 2026 жылғы 23 сәуір күні «Bolashaq» Академиясының «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы Қарағанды облысы мен Қарағанды қаласының мектеп, лицей және гимназияларының 11-сынып оқушылары арасында дәстүрлі «Тіл-Қазына» олимпиадасын жоғары деңгейде ұйымдастырды. Олимпиаданың мақсаты мен маңызы: Биылғы білім додасының негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың ана тіліміз […]
Қырғыз Республикасы ОАХМУ-де «Bolashaq» Академиясының фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушысы мен студенті үшін сыртқы академиялық ұтқырлықтың алғашқы аптасы сәтті және жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтуде. Доцент Курбанова Гозель Джумакулиевна ағымдағы аптаға жоспарланған дәрістерді өткізді, алдағы уақытта қосымша кездесулер мен сабақтар жоспарлануда. «Фармация» БББ бойынша оқитын 1-ші курс студенті Қоблан сәтті бейімделіп, студенттік […]
Бүгін «Bolashaq» Академиясының проректорлары мен қызметкерлері қаламыздағы Телевизионная көшесінде сенбілік жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстап, қала келбетін жақсартуға үлес қосу болды. Сенбілікке дейін академия ауласында ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды. Бұл бастама оқу орны аумағын көгалдандыруға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды. Қатысушылар бірлесіп ағаш көшеттерін отырғызып, […]
“Білім күні” — студенттер, оқытушылар және Академия қонақтары үшін ерекше күн. Мереке ұлы ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімімен басталды. Бұл — ұрпаққа өнеге болып қалатын тағзым сәті. «Bolashaq» Академиясының ректоры Қуанышбек Бұланұлы Аданов жиналғандарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім, ғылым мен еңбектің болашақтың берік іргетасы […]
Құрметті арулар! Сіздерді көктемнің ең шуақты, ең нәзік мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, шексіз қуаныш пен шалқар шабыт тілейміз. Әр күніңіз махаббат пен мейірімге толы болсын!
Қарағанды облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ағаш егу жалғасуда. Көгалдандыру жұмыстарына еңбек ұжымдары, оқушылар мен эко-белсенділер қатысты. Осакаров ауданында «Жасыл аймақ» апталығы аясында 22-27 сәуір аралығында 600 гүлдер мен ағаштар егу жоспарланған. Сонымен қатар ағаштар мен бұталарды әктеу және кесу жұмыстары жоспарланған. «24 сәуірдегі жағдай бойынша 222 жасыл желек […]
Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша бүгінгі таңда жүзден аса орманшы Кірпіш зауыты ауданындағы өртенген орманға 90 мың қарағай көшеттерін отырғызады. Орманды жаппай қалпына келтіру «Таза Қазақстан» аясында жүргізіледі. Көшет отырғызу Қарағанды қаласының 90 жылдығына жоспарланған. Сонымен қатар, қоғам белсенділері мен қала өміріне бей-жай қарамайтын азаматтар гүлзарларға, саябақтар мен үйлердің аулаларына […]
29 сәуір күні «Bolashaq» академиясының Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен «1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі» күніне арналған «Береке бастауы – бірлік, ел іші тату – тірлік» атты мерекелік фестиваль өтті. Іс-шараның басты ерекшелігі – фестиваль 4 тілде өтті. Жүргізушілер: Қарағанды облысына танымал асаба-шоумен Біржан Иманбаев (kz), «ДЕБЮТ-2021» байқауының Шоу-бағдарлама […]
2021 жылдың 2-желтоқсанында заң пәндері кафедрасының оқытушылары А.Ж. Әбдіжәми, Г.К. Отыншиева, Д.Б. Нуртаева Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнінің 30-жылдығына арналған «Тәуелсіз ел ұрпақтары» атты құқықтану білім беру бағдарламысынан басқа, барлық білім беру бағдарламасы студенттерінің арасында брейн-ринг ойынын өткізді. Ойынның мақсаты мен міндеті: Студенттердің тұлғалық интеллектуалды дамуына, әрі қарай оқуға және шығармашылық […]
03 маусым 2022 жылы » ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ – ның Қарағанды облыстық филиалының ұйымдастыруымен Қарағанды «Bolashaq » академиясы » Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің және «Облыстық қазақ тілі және мәдениеті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен » БІЗ, ЖАСТАР, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕЙМІЗ!» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар мақсаты […]