Қарағанды облысының қалалары мен аудандарында 90 мыңнан аса көшет отырғызылады

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша бүгінгі таңда жүзден аса орманшы Кірпіш зауыты ауданындағы өртенген орманға 90 мың қарағай көшеттерін отырғызады. Орманды жаппай қалпына келтіру «Таза Қазақстан»  аясында жүргізіледі.  Көшет отырғызу Қарағанды қаласының 90 жылдығына жоспарланған.

Сонымен қатар, қоғам белсенділері мен қала өміріне бей-жай қарамайтын азаматтар гүлзарларға, саябақтар мен үйлердің аулаларына көшет отырғызуда.

Қарағандыда белсенділер Майқұдық саябағында “Жастар Аллеясы” атты жаңа аллея ашты. Мұнда 500 көшет отырғызылды.

Акцияға қалалық мәслихаттың хатшысы Алтынтөре Бөкенов қатысып, тұрғындарды қалалық аумақтарды көгалдандыру мен тазалауда белсенді болуға шақырды. Ағаш егу – бұл тек экологияға қамқорлық жасау ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортамызды қорғау мүмкіндігі, өз есіміңізді естелік ретінде қалдыру, деп атап өтті ол.

Көктемдік ағаш егу аясында Қарағандыда барлығы 3 мың көшет егіледі.

Экологиялық акцияға “Отражение” қоғамдық экология қозғалысының өкілдері, қоғам белсенділері мен қала тұрғындар қатысты.

– Бүгін жастармен бірге Теміртау экологиясын жақсартуға өз үлесімізді қостық. Қаланы көгалдандырумен төртінші жыл қатарынан айналысып келеміз. Біз ағаштарға күтім жасау жауапкершілігін өз мойнына алатын тұрғындарға көшет таратамыз. Үш жылдың қорытындысына сай, желектердің жерсіну деңгейі 90% құрағанын көріп отырмыз. Демек, біздің тұрғындар ағаштарды күтуге жауапкершілікпен қарайды, – дейді эко-белсенділердің жетекшісі Елена Варганова.

Теміртауда барлығы 5 мыңнан астам ағаш егу жоспарлануда, бүгін 670 ағаш егілді.

Теректер Абай даңғылында да егілді. Қала көшелеріне 150 көшет егілді. Экологиялық шараға тұрғындар белсенді қатысты.

Қарқаралыда 200 қараған, терек және қарағаш көшеттері егілді.

Қарағанды облысында “Таза Қазақстан” ауқымды экологиялық акциясы жалғасуда. Жалпы ел болып жүргізіліп жатқан тазалық шарасы 13 мамырға дейін жалғасады. Әр апта белгілі бір атаумен өтеді.  Осы жетікүндік “Жасыл аймақ” деп аталады және ағаш егуге, елді мекендерді көгалдандыруға арналған.

Облыстың қалалары мен аудандарында жасыл желектерлі егу жалғасатын болады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.