Қазақстан студенттері Альянсына 15 жыл

2020 жылдың 6 қарашасында M. NARIKBAYEV KAZGUU University – де Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтың қатысуымен “Қазақстан студенттерінің Альянсына – 15 жыл” конференциясы өтті.

Сондай-ақ, шараға қатысуға ниет білдірушілер Zoom платформасында онлайн режимінде қосыла алды.

Білім және ғылым министрі студенттер Альянсы аясындағы жоғары оқу орындарының қызметі, жоғары оқу орындарының дербестігі, соңғы уақыттағы Альянстың міндеттері туралы айтты.

Асхат Қанатұлы қойылған сұрақтарға жауап берді.

Конференцияға онлайн және офлайн режимінде “Bolashaq”академиясының студенттері мен оқытушылары белсене қатысты.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.