Ағылшын грамматикасын оқытудағы комикстер. 2 сабақ

2020 жылдың 30 қазанында дипломдық жоба бойынша жұмыс аясында шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының ИН-17-1 тобының студенті 5 сынып оқушылары үшін “Superlative adjectives” (жоғары дәреже) грамматикалық тақырыбында кезекті сабақ өткізді.

Сабақтың басталуы “Comparative adjectives” (Күшейтпелы шырай) тақырыбын тексеруге арналды. Оқушылар грамматиканы қолдана отырып, сөйлемдерді дұрыс құрастырып, жеке чатқа жіберуге тиіс болды. Көптеген сөздердің орфографиялық қателеріне қарамастан, бұл грамматикалық тақырыпты 5 сынып оқушыларының көпшілігі игере білді.

Әрі қарай, құрылымы мен туындау әдісін түсіндіре отырып, сын есімнің күшейтпелі шырайын зерделеу мен комикстерді оқуға ауысты. Бесінші сынып оқушылары арасында танымал және сүйікті кейіпкер Спанч боб комикстердің басты кейіпкері ретінде таңдалды.

Мадина жасаған комиксте негізгі оқиға бір рет Спанч Боб дайындаған крабсбургерді сынап көріп, одан соң өзін тоқтата алмай қойған Спанч Бобтың досы Сквидвардпен байланысты болады.

Комикстерде крабсбургерлер бүкіл Бикини Ботомдағы ең дәмді және ең тәтті бот ретінде сипатталады.

Кейбір оқушылар Spongebob рөлін алғысы келгендіктен олар сабаққа белсене жұмыс істей отырып қатысты, бұл әсіресе комикстерді оқу кезінде байқалды,

Жұмыс жалғасады!

Ин-17-1 тобының студенті Туракова Мадина

Шет тілдер және МК кафедрасының аға оқытушысы Калижанова А.Н.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.