«1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі» күніне арналған «Береке бастауы –  бірлік, ел іші тату – тірлік» атты мерекелік фестиваль

29 сәуір күні «Bolashaq» академиясының Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен  «1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі» күніне арналған «Береке бастауы –  бірлік, ел іші тату – тірлік» атты мерекелік фестиваль өтті.  Іс-шараның басты ерекшелігі – фестиваль 4 тілде өтті.   Жүргізушілер: Қарағанды облысына танымал асаба-шоумен Біржан Иманбаев (kz),  «ДЕБЮТ-2021» байқауының Шоу-бағдарлама жүргізушісі номинацияларын жүлдегерлері Альбина Кулешова (rus) және  Дарина Жумабаева (eng) және де «ЖЫЛ СПОРТШЫСЫ – 2020» байқауында «Ең нәтижелі спортшы» номинациясының жеңімпазы Сардор Султанов (uz).

Алғашқы құттықтау сөзінде «Bolashaq» академиясының ректоры, профессор Меңлібаев Құралбай Несіпбекұлы – «1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі» күнінің маңыздылығы, әр түрлі ұлт өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау әдебі барлық этностарға ортақ жалпы қасиеттерді қалыптастыру керектігін айтты.

Мерекелік фестивальде арнайы шақырылған қонақтар  өз өнерлерін көрсетті. Атап өткенде, Қазақ елінің азаттығын  әсем әннің ырғағымен әдемі жеткізіп жүрген өнер иесі, Қарағанды облысының танымал әншісі – Фархат Мейраш! «Bolashaq» академиясының әкімшілігі Фархат Мейрашға құрмет көрсетіп, ата-бабамыздың ежелгі салтымен иығына шапан жапты.  

«Круче всех» Халықаралық байқау-фестивалінің Гран-При иегерлері,  2021 WADF NORTH EAST EUROASIAN ARTISTIK DANCE CHAMPIONSHIP OPEN TO THE WORLD байқауының жеңімпаздары –  “Алтын-Ай” Би Мектебі!

«Өмірзая» татар-башқұрт ұлттық-мәдениет орталығы.  Татар-башқұрт мәдени орталығының жетекшісі  Сатретдинова Суфия Замировна «Bolashaq» академиясына И.Ф. Исмагиловтың «ГЕРОИ ТАТАРСКОГО НАРОДА» кітабын сыйға тартты. «Bolashaq» академиясының әкімшілігі орталыққа алғыстарын айтып, сыйлық сыйлады.

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, классика жанрындағы әнші, халықаралық ән фестивальдерінің жеңімпазы, «сопрано» дауыс иегері – Меруерт Тойбекова өз өнерін көрсетті.



«Bolashaq» академиясының студенттері де көрерменге өз өнерлерін паш етті, атап өткенде, ФМ-19-2 тобының студенті  – Бабакулов Зоир  (Курбанымын) әсем әнімен көңіл көтерсе, I курс студенттерінен жасақталған «Корабль нации»КВН  командасы тапқырлығымен, алғырлығымен сүйсінтті.  

Мерекелік фестиваль өте жоғары деңгейде өтті.  1 – Мамыр мерекесі елдің бірлігін одан сайын нықтап, сол арқылы қазақтың тірлігінің берекелі болуына жол ашсын деп тілейік!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.