Кәсіптік бағдар беру арнасындағы Вебинар

20 мамырда Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы жоғары оқу орындарымен бірлесе жұмыс жасау мақсатында құрылған “кәсіптік бағдар сағаты” кәсіби бағдар беру арнасында вебинар өтті.


Вебинарда “Bolashaq” Академиясының қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Қалдыбаева Айгүл Құдайбергенқызы және “Bolashaq” академиясының әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ахметова Ботагөз Телманқызы сөз сөйледі.


Академияның бейнероликтері ұсынылды. Спикерлер слайдтық презентациялар ұсынып, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.

“Bolashaq” академиясының білім беру бағдарламалары туралы бейнероликтері Қарағанды облысының ОӘО “Мамандық таңдау”арнасында түсірілді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.