“Қаржы” кафедрасы Отбасы күніне орай іс-шара өткізді

12 сәуірде “Қаржы” кафедрасы Отбасы күніне орай іс-шара өткізді.

Басында қатысушыларға талқылау үшін бірнеше сұрақтар ұсынылды:

  • Сіздің түсінігіңізде бақытты отбасы дегеніміз не?
  • Сіздің отбасыңызда қандай отбасылық дәстүрлер бар?
  • Балалық шақтың ең жарқын естеліктері немен байланысты?

Сондай-ақ, қазіргі жағдайда отбасына қатысты өзекті мәселелер, атап айтқанда ажырасудың жоғары деңгейі, сондай-ақ Қазақстандағы жетім балалардың проблемалары назардан тыс қалған жоқ.

Бұдан әрі студенттер отбасы және отбасы құндылықтары тақырыбына өлең оқыды:

Кисина З., Ф-18-1 тобы
Сүлейменова С., Ф-18-1 тобы
Омаш И ., Ф-19-2 тобы
Зайчикова Е. Ф-21-1 тобы
Кулешова А. Ф-21-1 тобы

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.