«Ахмет Байтұрсынұлы  – Ұлт ұстазы»

2022 жылы 18 қарашада Қарағанды «Bolashaq» академиясы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы және студенттердің «Jauhar» ғылыми үйірмесінің ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы – Ұлт ұстазы» атты республикалық конференция өткізілді.

Қайраткер, ғалым, ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың мерейтойына арналған республикалық конференцияға Қазақстанның әр өңірінен көптеген мақалалар келіп түсті.

Атап айтқанда Е.А.Бөкетов атындағы  Қарағанды университеті, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Дулати ат. Тараз өңірлік университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі оқытушылары мен студенттері, Қарағанды қаласы, Шахтинск қаласы, Бұқаржырау ауд., Қарқаралы ауданы, Шет ауданы мектептерінің мүғалімдерінен 40-қа тарта мақалалар келіп түсті.

Пленарлық мәжілісте М.І. Әбдуов, Е.А.Бөкетов атындағы  Қарағанды университеті, филология ғылымдарының докторы, профессор, Ұ.Т.Жолшыбекова, «Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінің» қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Шахтинск қ., С.Т. Қасенов, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Өскемен қ., (бейне баяндама)\, Ә.Д.Смыкова, А.М.Баймамырова, «Bolashaq» академиясы, қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттары, Сәкенова Аида, Мағжан Жұмабаев атындағы гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі және педагог-модератор, магистр, Қарағанды қ. (бейне баяндама), Б.З. Ахмедиева баяндамаларымен сөз сөйледі.

«Қарағанды қаласының №2 лицейі» КММ, қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі, А.Оразхан, «Bolashaq» академиясының қазақ тілі және әдебиеті білім бағдарламасының 3 курс студенті, Т.Б.Амантаева, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК 3-курс студенті өз баяндамаларын ортаға салып талқылаудан өтті.

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы – Ұлт ұстазы» атты республикалық конференция шешімімен Ахметтану ғылымының ХХІ ғасырдағы маңызы жан-жақты зерттелуі керек екенін айта келіп туған әдебиетімізде тұтас бір дәуірді бейнелейтін кесек бітімді дарын иесі, тіл мен әдебиет тарихындағы орны жаңа көзқарас тұрғысынан тұжырымдау мақсатында жоғары оқу орны бағдарламасына «Ахметтану» деген курсы енгізу ұсынылды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.