Түлегіміздің баяндамасы

18-қарашада «Bolashaq» академиясында  А. Байтұрсынұлының 150  жылдық мерейтойына  арналған «Ахмет Байтұрсынұлы  – Ұлт ұстазы» атты конференцияда осы академияның 2020 жылғы түлегі Сакенова Аида бейне – баяндама жасады.

  Ұлт ұстазының әдістеме, оқу -тәрбие, жазу, сондай- ақ оның ақындығы, әдебиетке сіңірген еңбектері жайлы қамтып,өз ойын айтып, бөлісті.

  Аида бүгінгі таңда Қарағанды қаласындағы Мағжан Жұмабаев атындағы №39 гимназияда қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, педагог- модератор, магистр.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.