“Bolashaq Академиясы” ПОҚ үшін Семинар-тренинг

10 қаңтарда академияның оқытушылар құрамы үшін әдістемелік онкүндік аясында “Психологиялық денсаулық” тақырыбында Семинар-тренинг өтті. Тренингті педагогика кафедрасының меңгерушісі Абдрахманова Алуа Сабитовна өткізді.

Бұл іс – шараның мақсаты-осы құбылысты және адам өміріндегі оның механизмдерінің сақталуын зерделеу болды.

Оқытушылар практикалық жаттығуларға белсене қатысты, берілген тапсырмаларды орындады және проблемалық мәселелер туралы туындаған ойларын ортаға салды.

Тренинг проблемаларды екінші жағынан көруге және оларды шешу ауқымын кеңейтуге мүмкіндік берді. Қатысушылар бұл іс-шараны пайдалы, қызықты және танымдық деп атап өтті.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.