Академияда жаңалықсыз күн өтпейді. Бүгінгі күн де жақсы жаңалығымен қуантты. Түркия мемлекетінің Сакария қаласындағы «Сакария» университетімен етене байланыста екеніміз белгілі. Екі оқу орны арасында келісімшартымыз бар. Міне, осы жоғары оқу орнының Бизнес институты «Ақпараттық жүйені басқару» білім беру бағдарламасының 1-курсына Сағыныш Оразханұлы Исмағұлов докторант ретінде қабылданды. Білімі мен біліктілігінің арқасында конкурстық негіздегі сынақтан сүрінбей өті. Академияның жарқын болашағы Сағыныш Исмағұлов тақылеттес өскелең ұрпақпен тікелей астасып жатыр. Ол қаншама жылдар бойы тәжірибеде жинақтаған мол білімін иінді қолданып, тынысын толық мәнде аша алады деп үмітімізді үкілеп отырмыз. Таңдаған мамандығының қиян-қилы құпияларын танып, шетсіз-шексіз сыр мен сезімге маңып, аспандай кең білім биігінде самғай алады деп сенгіміз келеді. Сағынышқа ақ жол тілейміз.
You may also like
4 наурыз күні «Bolashaq» академиясының акт залында Жастар ісі жөніндегі Комитетпен мерекелік концерт, әзіл кеші ұйымдастырылды.»8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне арналған. Жыл сайынғы […]
«Bolashaq» Академиясы сіздерге жақсы жаңалықты жеткізбек. «Лингвамәдени компоненттерден тұратын үш тілді биологиялық терминдер сөздігін құру» тақырыбындағы зерттеу нәтижелері OPCION (Q3, IF 0,150) […]
2020 жылдың 13 мамырында «Bolashaq» академиясы ректоратының off-line режимінде отырысы өтті. Отырыс карантиннің барлық шараларын сақтай отырып өтті: әріптестер бетперде киіп жұмыс […]