Жаңа ынтымақтастық – мүмкіндіктер

“Bolashaq” Академиясы мен “Өрлеу” БАҰО АҚ Қарағанды филиалы кәсіби даму институты арасында кәсіби ынтымақтастық аясында келісім жасалды.

Басшылармен ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары талқыланды. Институт директоры Жетпісбаева Мейрамгүл Асылбекқызы Академия оқытушылары мен институт қызметкерлерінің бірлесіп қатысуы мүмкін іс-шараларды белгіледі. Академия ректоры Гульнара Мусаевна өз кезегінде сапалы білім беруді ұйымдастырудың және педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Ортақ күш-жігерді біріктіру арқылы педагогикалық қоғамдастықта жоғары және өнімді нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Осындай ынтымақтаста жететін жетістіктеріміз көп болсын!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.