2024 жылдың 30 қаңтарында Қарағанды облысы Білім басқармасының «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернатында «Bolashaq» Академиясы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының профессоры Сембиев Құрманғазы Зәкірұлы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне «Педагогикалық білім беру бағытындағы жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерін пайдалану» тақырыбында семинар өткізді. Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанды дамыған бәсекеге қабілетті елдер қатарына енгізіп, олармен терезесін тең ететін – білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Мектеп өміріне еніп отырған технологиялардың ерекшелігі – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Жаңа әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі,өз шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.
You may also like
Шет тілін оқытудың кең таралған және қызықты тәсілдерінің бірі – CLIL-Content and Language Integrated Learning немесе пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту. Ол әлемдегі көптеген […]
Бүгін, 2023 жылғы 16 мамырда, ЖББ пәндері кафедрасының меңгерушісі А.У. Ильясованың басшылығымен біз урбанистика орталығына барып, Террикон алқабының қызметкерлерімен таныстық. Біз олардың […]
26.02.2024 ж. ФМ-23-2 тобының студенттері куратормен бірге Abbott компаниясы ұйымдастырған қызықты және танымдық дәріске қатысты. Іс-шара Грей Плаза БО конференц – залында […]
Құрметті бірінші курс студенттері! Сіздерді “Bolashaq”академиясына оқуға түсулеріңізбен құттықтаймыз! Біз сіздерді студенттеріміздің қатарында қарсы алуға қуаныштымыз және сіздерді 1 қыркүйекте Білім күніне […]