СТУДЕНТТЕР ҮЙІНДЕГІ НАУРЫЗ

2022 жылдың 21 наурызында академия студенттерінің үйінде Наурыз мерекесіне орай “Қош келдің Әз-наурыз!» атты іс-шара атап өтілді.

“Bolashaq” академиясы ректорының м. а. Г.М. Рысмағамбетова құттықтау сөз сөйледі, сондай-ақ студенттерді Наурыз мерекесімен академияның әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Р.Н. Исмаилова, оқу-әдістемелік басқарма басшысы С.Т. Туғанбаева және студенттер үйінің директоры Н.Құрманғалиева құттықтады.

Әндер, билер орындалды. Зияткерлік ойындар да өткізілді. Студенттер үйінде тұратын барлық студенттер Наурызды тойлауға белсене қатысты.

Концерттік бағдарламаның соңында түрлі ұлттық тағамдармен (наурыз көже, бауырсақ, қуырдақ және т.б.) мерекелік дастархан жайылды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.