2023 жылдың 11 наурызында “Bolashaq” Академиясының фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушылары мен студенттері Қарағанды облыстық жоғары медбикелік колледжінің студенттерімен кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді. Кәсіптік бағдар беру жұмысы колледжді фармацевтикалық бағытта бітірген түлектер арасында жүргізілді. Оларға біздің академияға түсуге ниет білдірген талапкерлерге ақпараттық буклеттер таратылды. Қабылдау ережелері, оқу ақысы және фармацевтикалық пәндер кафедрасы, Фармация 6В10101 оқу бағдарламасы бойынша оқитын студенттер қай бағытта жұмыс істей алатындығы туралы толық ақпарат берілді. Іс-шараға академия студенттері қатысып, біздің оқу орнымыздың студенттерге арналған мүмкіндіктері мен жеңілдіктері туралы айтып берді. Колледж студенттерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.
You may also like
Тарихымыздың қасіретті беттерін, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу біздің халқымыз үшін әрқашан қасиетті болған, қасиетті болуда және келер күні де […]
2022 жылдың 13 қазанында Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік Кірістер Департаментінде түлектерге арналған «Ашық есік күні» шарасы өтті. Аталған іс-шараға Қарағанды қаласының жоғарғы […]
2023 жылғы 24 қарашада “Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация” кафедрасының аға эдвайзері М.К. Абдрешева орыс бөлімшесінің “Шет тілі: екі шет тілі” білім […]
«BOLASHAQ» академиясының 6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті», 6В01703 – «Қазақ және орыс тілінде білім беретін мекемелердегі қазақ тілі мен әдебиеті» білім […]