“BOLASHAQ” Академиясы профессор- оқытушылар құрамының Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжінің бітіруші түлектерімен кездесуі

2023 жылдың 16 наурызында «Bolashaq» Академииясының профессорлық-оқытушылар құрамы Қарағанды «BOLASHAQ» Жоғарғы колледжінің  «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының бітіруші түлектерімен кездесу өткізді.

Кәсіби бағдар жұмысы бойынша үгіт-насихат жүргізуге қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Косманова Асель Бейсенгазиевна және оқытушылар құрамы Шащанова Майра Балиевна, Сарбасова Қалимаш Амангельдиновна, Шутенова Сабира Сартаевна, Косманова Арай Бейсенгазиевна келді. Кездесудің негізгі мақсаты «Bolashaq» Академиясы мен «Bolashaq»  Қарағанды жоғарғы колледжінің  арасында өзара ынтымақтастықтың тиімді жүйесін құру болып табылады.   

Профессорлық-оқытушылар құрамы түлектерге барлық білім беру бағдарламаларымен, оқуға қабылдау ережелерімен, білім беру ұйымы кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары білім беруі және жеңілдіктермен таныстырды. Сарбасова Қалимаш Амангельдиновна  «Педагогика» кафедрасындағы 6В01301-«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мен 6ВО1201- «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»  білім беру бағдарламасы бойынша толық ақпарат берді. Оның ішінде ерекше тоқталып кететін жайт – кафедрада «6В01301- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы дуалдық жүйе енгізіліп, алғашқы тәжірибе жолға қойылған. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдері тәжірибе жинақтап, практикалық сабақтарын «№ 23 жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында өткізуде. Сонымен бірге, Шутенова Сабира Сартаевна мен Косманова Арай Бейсенгазиевна 6В01101 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы  бойынша жан-жақты ақпарат берді.

        ЖОО басшылығының әр студент үшін жасаған мүмкіндіктері туралы тоқтала отырып, өңірлік, республикалық және халықаралық деңгейдегі барлық конкурстарға, ғылыми жобаларға, конференцияларға, қоғамдық іс-шараларға қатысатыны жайлы тоқталды.

    Біздің Академиядағы студенттік өмірдің  қызықты, әрі жарқын  жақтары және кәсіби өсудің барлық мүмкіндіктері жайлы айтылып өтті.

       Кездесу өте қызықты өтті. Қатысушылар өздерін  қызықтыратын сұрақтарға толық жауап алды. Түлектерге «Лимонад» журналы мен Академия туралы буклет таратылды.

Сарбасова Калимаш Амангельдиновна

Педагогика кафедрасының аға оқытушысы

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.