Дөңгелек үстел анонсы

2021 жылдың 24 қарашасында сағат 14.00 – де фармацевтикалық пәндер кафедрасы “Мемлекет байлығы-халық денсаулығы” тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді. Қатысушылардың назарына келесі баяндамалар ұсынылады:

  1. Бегайдарова Роза Хасановна, ҚМУ КЕАҚ жұқпалы аурулар және фтизиатрия кафедрасының еңбек сіңірген профессоры, м.ғ.д., РЖА академигі. “СOVID-19 -дың өзекті мәселелері. Клиникасы. Емі. Вакцина жасау”.
  2. Беркімбаева Жанар Жаркенова, Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданның санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің басшысы. “Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан бойынша сан-эпидемиологиялық ахуал. Вакцина жасау”.
  3. Алтынбек Аяжан “Қаржы” кафедрасының 1 курс студенті, “СOVID-19-дың Мемлекетіміздің экономикасына әсері”.
  4. Төребаева Асыл қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының 4 курс студенті. “Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейміз”.
  5. Кожахметов Марлен 3 курс студенті. “Пандемия кезіндегі құқық саласы”.
  6. Әбдірәсіл Ислам ҰБА КЕАҚ Қоғамдық денсаулық және биомедицина мектебінің 4 курс студенті, “Короновирус (COVID-19) инфекциясы кезіндегі алдын алу шаралары”.

Дөңгелек үстелдің өтетін орны: “Bolashaq” академиясының акт залы.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.