Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы өндірістік практиканың қорытынды конференциясы

2024 жылдың 17 сәуірінде   29.01-05.04.2024ж. аралығында   жоспарланған К-20-1 тобы студенттерінің өндірістік практикасының қорытынды конференциясы өтті.

Конференцияға кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., профессор Қ.З.Сембиев, аға оқытушы Н.К.Касетова  және практика жетекшісі, аға оқытушы Қ.Қ.Жанузахова және оқу-әдістеме басқармасының практикаға жауапты маманы Д.С.Сейтжанова қатысты.

Кафедра меңгерушісі Қ.З.Сембиев студенттердің қойылған талаптарға сай жұмыс жасап, берілген тапсырмалардың уақытында орындалғаны жөнінде, яғни іс-тәжірибе кезеңіне құрылған жоспардың нақтылығы мен өткізілген сабақтардың нәтижесі мен педагогикалық кеңестің материалына, зерттеу жұмыстарына тоқталып өтті және өз пікірін білдірді. 

Практика жетекшісі Д.С.Сейтжанова студенттердің өндірістік практика құжаттарының талапқа сай екендігін айтып өтті. Конференцияға қатысқан кафедра оқытушылары өндірістік практиканы бағалап, студенттерге алдағы дипломдық жұмыстарына сәттілік тіледі.https://www.youtube.com/embed/XdX6pl3Yv1s?feature=oembedhttps://www.youtube.com/embed/4ZenedtBP_g?feature=oembed

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.